Шымкентте төрт базар жабылуы мүмкін

279
Өрт қауіпсіздігі сақталмаған базарлар жабылады
Өрт қауіпсіздігі сақталмаған базарлар жабылады

Шымкент қаласындағы бірқатар базарлар өрт қауіпсіздігі талаптарына сай емес. Бұл жәйтті облыс прокуратурасымен ТЖБ-ның мамандары бірлесе жүргізген тексерулері нәтижесінде жария етті. Екі мекеменің бірлескен іс шарасы бүгін 2030 базарында жалғасын тапты.

Базарда арнайы жатығу өткізуге бет алған өрт сөндіру көлігі базар қақпасына жетпей жатып бірден кедергілерге тап болды. Ол көше бойын заңсыз ақылы автотұрақ еткендер. Өрт сөндіру көлігінің базар ішіндегі кездескен кептелістері жайында айтып жеткізу қиын 600 текше метрлік су қорына жету үшін өрт сөндіру техникасы зақымдалды.

Облыс прокуратурасы мен ТЖБ-ның мамандары бірлесе тексеру жүргізді

  ҚР бас прокуратурасының тапсырмасы мен ОҚО прокуратура қызыметкерлері ТЖБ бірлесе Абай ауданында бар 11 базар да тексеру жасаған. Нәтижесінде өрт қауіпсіздігі талаптарына қырын қараған 4 базарды жабу туралы Шымкент қалалық мемлекеттік өрт қауіпсіздігін бақылау бөлімінің мамандары сотқа талап арыз беріпті.

Тексерілген 2030 базарында болған жағдайдың бәрін прокуратура қызыметкерлері арнайы бейне таспаға жазып алды. Енді сарапталып орын алған заңсыздықтар бойынша шара көріледі және тап осындай тексеру жалғасытын болады.

 

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=Zje7nodDfAw[/youtube]