Мұғалім оқушыны керең етті

345
ұстазы оқушысын соққыға жыққан
ұстазы оқушысын соққыға жыққан

Шымкентте мектеп мұғалімі бір оқушыны есту қабілетінен айырды. Дене-шынықтыру сабағында артық сөйлеген баланы ұстаз жұдырықтың күшімен тәртіпке шақырмақ болса керек. Оқиға Забадам елдімекеніндегі № 13 мектепте болған.

Ұстаз 14 жастағы Бейбарыс ЖАқаевтың құлағының пердесін жарып жіберіпті. Сорақысы сол, оқушыны жарымжан қылғаны аздай бұл оқиғаны мектеп басшылығы мен күш қолданған мұғалім жылы жауып қоймақшы болған.

Он төрт жастағы жеткіншек енді мүгедек болып қалуы мүмкін. Осыны ойласа жүрегі сыздайтын ана құқық қорғаушыларға арызданды.

Ал мектеп басшысы болса болған жәйттің дер кезінде хабарланбауын оқушының өз келісімімен деп түсіндіріп отыр. Дейтұрғанмен күш қолданған мұғалімге әзірге ешқандай шара қолданылмаған.