Театр ұжымдары жаңа жылға арнаған қайырымдылық шараларын бастады

 

Жаңа жыл кеші
Жаңа жыл кеші

Шымкенттік театр ұжымдары жаңа жылдық қойылымдарын қоя бастады. Алғашқылардың бірі болып,  орыс драма театрының әртістері ертегілік ертеңгілікпен балаларды қуантты. Олардың бірінші қонақтары Сайрам балалар үйінің балдырғандары. Ұжым жыл сайын мұндай қайырымдылық шараны дәстүрлі түрде өткізеді. Әсіресе әлеуметтік жағдайы төмен отбасылы бүлдіршіндер мен балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін бұл үлкен сыйлық дейді олар.

Балалардың көңіл -күйлері екерше
Балалардың көңіл -күйлері екерше

Балаларға қуаныш сыйлауға бұл күні құрметті қонақ Аяз ата мен Қарша қыз және мейірімді фея мен қарақшылар, ертегі кейіпкерлері де келіпті. Олармен бірге би билеп, ән айтқан балдырғандар уақыттарын көңілді өткізді.

Ал орыс драма театр ұжымы қайырымдылық шара мұнымен тоқтамақ емес дейді. Күнара жаңа жылдық қойылымды қоюмен қатар, Арыс, Түркістан тағы өзге қала, аудандарды аралап, сапарға шығып, тосын сыйларын жалғастырмақ ниетте. Ол үшін әртістердің дайындығы да ерекше. Балдырғандарға көңілді болу үшін қызықты нөмірлер дайындап, биыл жаңадан түрлі-түсті киімдер тіктірілген.

Жаңа жылдық кешке қатысқан бүлдіршіндерді тағы бір сый күтіп тұрды. Олар әртістер дайындаған ертегіні тамашалады.