Дәрілерге – жеңілдік

Мұнда көп тұтынылатын дәрілер мен өзге де препараттар қарапайым халықтың қалтасына қолайлы бағада сатылады
Мұнда көп  тұтынылатын дәрілер мен өзге де препараттар қарапайым халықтың қалтасына қолайлы бағада сатылады
Мұнда көп тұтынылатын дәрілер мен өзге де препараттар қарапайым халықтың қалтасына қолайлы бағада сатылады

Жалпы, әлеуметтік дәріханалар жүйесін ашу туралы мәселенің көптен бері күн тәртібінен түспей жүргені белгілі. Мемлекет тарапынан демеу күтпей-ақ біздің жомарт бизнесмендер дәрілік препараттарды халықтың қалтасына ыңғайлы бағамен саудалауды бастап жіберді. Бүгінде Шымкентте жеңілдікпен дәрі-дәрмек сататын «+ В» дәріханалар жүйесі жұмыс істей бастады.

Дәріхана директоры Жасұлан Сартбаев «біздің дәріханашылар қызметін пайдаланушылардың дені зейнеткерлер, мүгедектер, сырқат жандар, сондықтан бұл сала өз тұтынушыларының әлеуметтік жағдайын ескеріп отыруы керек» деп есептейді. Мұнда көп тұтынылатын дәрілер мен өзге де препараттар қарапайым халықтың қалтасына қолайлы бағада сатылады. Мәселен, кәдімгі цитрамонды бұл дәріханадан өзгелердегідей 20 теңгеге емес, 13 теңгеге сатып ала аласыз. Сондай-ақ ең көп сатылатын коренфар, диклафер, канефрон секілді препараттарды да «+В» дәріханаларынан жеңілдетілген бағамен сатып алуға болады.

Өткен жылдың басында дәрілік препараттардың бағасын тұрақты ұстап тұру мақсатында облыстық әкімшілік пен химфарм, фармацевтер арасында үш жақты меморандум бекітілген болатын. Алайда, бұл келісім бүгінде күдер үздірді. Олай дейтініміз, дәрі-дәрмектер дәріханаларда әркелкі бағада саудаланып жатыр. Бағаға бақылау болмай тұр.

Мақпал РЫСБАЕВА