Оңтүстіктің дәрігерлері министірді менсінбейді

281
Мұндай бахилл кию барлық медициналық мекемелерде бар
Мұндай бахилл кию барлық медициналық мекемелерде бар
Мұндай бахилл кию барлық медициналық мекемелерде бар

«Нұр Отан» ХДП  қалалық филиалының мүшелері тұрғындардан түскен арыз-шағымдардың көбеюіне байланысты бүгін облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдерімен бірге бірқатар емдеу мекемелерін аралады. Оңтүстістің дәрігерлері министрліктің бұйрығына құлақ асар емес. Өңірдегі емдеу мекемелерінде әсіресе бахиланы сату әдетке айналған. Оған қоса жерлестеріміздің шағымдары расталды. Мәселен облыстық Эндикриналогиялық орталығында бахила ашық саудаланып жатыр. Міне осылайша оңтүстіктің дәрігерлері үшін денсаулық сақтау министірінің бұйрығы түкке тұрмайтыны дәлелденді. Эндикринологиялық ауруханаға келген барлық науқас бахилды сатып алуға мәжбүр. Ал оны аяғына кимегендер ішке жіберілмейді.

Бұл – облыс орталығындағы барлық аурухана мен емханаға тән құбылыс. Ал осы бахил сататын қондырғылардың иесі кім екенін, пайдасын кім көретінін анықтау мүмкін емес. Ал мына орталықтағы ақылы қызметтің көлеңкелі тұстары көп екендігі белгілі болды. Дәрігерлер дертіне ем сұрап келген науқастың қалтасын қағып алады. Ең сорақысы – сол ақша бюджетке түспейді, дәрігердің қалтасында қалады. Осындай жаға ұстатар жайтың барын аурухана басшысы білмейді деудің қисыны келмейді. Керісінше, бахилдардың ашық сатылып жатқанын жасырғысы келген бас дәрігер өз сөзінен өзі жаңылды

Науқастарды алдап ақша алатындар мен мәжбүрлеп бахил сататындардың әрекеттеріне қатысты «Нұр Отан» партиясының өкілдері хаттама түзді. Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары бұл бассыздыққа қатысты шара көреміз деп уәде етті.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=jksnUcWKFFE[/youtube]