Шымкентте жантүршігерлік жол апаты орын алды

421
Жол апаты

 

Жол апаты
Жол апаты

Шымкентте таңертең  екі автобус соқтығысып қалып, 6 бірдей жолаушы зардап шекті. Оқиға Тәшенов көшесі бойында болған. Алдымен бағыттағы автобус жеңіл көлікпен соқтығып қалады. Жолаушылар ес жиып үлгермей жатыр, артынан тағы бір қоғамдық көлік кеп соққан. Сөйтіп, бас аяғы 4 транспорттың тас талқаны шығып кетті.

Оқиға Неке сарайының тура қарсы тұсында болды. Алғашқыда шағын автобус пен «Мерседес» автокөлігі соқтығысқан. Араға аз ғана сәт салып, 27-ші бағыттағы қоғамдық көлік «Нексианы» баса шаншып, әлгі шағын автобустың артқы тұсынан соққы жасайды. Ірі жол апатының салдарынан қоғамдық көлік пен жеңіл автокөліктегі жолаушылар зардап шегіп, түрлі дене жарақаттарын алған. Оқиға орнына шұғыл түрде жедел медициналық жәрдем бригадасының 2 бірдей тобын шақыртуға тура келді.

Ал бұл кезде жүргізушілер мен кондуктор араласа отырып, өзара кінәліні анықтауға кірісті. Жол апатынан жүйкелері сыр берсе керек, бірімен-бірі ерегіске көшті.

Бұл жол көлік оқиғасына 27-ші бағыттағы қоғамдық көлік доңғалақтарының қысқы мерзімге арналмағаны себеп. Жолаушылар мен қара басының қауіпсіздігінен гөрі қалтаға түскен қаражаттың қомақты болуын ойлайтын жүргізуші мұны мойындады да.

Бір айналдырғанды шыр айналдырады. Шағын қоғамдық көлік екі тұсынан да таяқ жеді. Ауыр соққыдан нексиа автокөлігінің артқы бөлігінің тамтығы қалмаған. Жүк салғышы жарамайды.

Жарақат алған жолаушылар ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнына шұғыл түрде келген жол полициясы инспекторлары анықтау жұмыстарына кірісіп кетті.

Зардап шеккен жолаушылар
Зардап шеккен жолаушылар

 

Бұл апаттан 6 жолаушының жарақаттанғаны белгілі болды. Олардың бәрі Шымкент қалалық жедел жәрдем ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлердің аутуынша жапа шеккендердің екеуінің жарақаты ауыр. Қалған төртеуі жергілікті емханаларға жіберілген. Олар да дәорігерлер бақылауында болады. Аурухана төсегіне таңылғандарға қазір барлық көмек көрсетіліп жатыр.

 

 

 

 

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=j9_ESGUdGUE[/youtube]