Уақытында үй салып бітпеген мердігерге айыппұл салынды

273
Нұрсат шағынауданында бірқатар жаңа үлер бой көтерді

 

Нұрсат шағынауданында бірқатар жаңа үлер бой көтерді
Нұрсат шағынауданында бірқатар жаңа үлер бой көтерді

Шымкентте коммуналдық үйлер төңірегінде кезекті проблема туындап жатыр. Нұрсәт шағынауданындағы көпқабатты үйдің бірі дер кезінде пайдалануға берілмей қалды. Енді мердігер компанияға шара көрілмекші. Өйткені бөлінген қаржы игерілмей жатыр. Айтпақшы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтұрғын үйлердің құрылысына бөлінген қаражатардың игерілмегенің сынға алған еді.

Шымкентте тұрғын үй саласы бойынша 7 млн. теңге игерілмей қалған. Оның бірәз бөлігі Нұрсәт шағынауданындағы 63 пәтерлі мына үйге жұмсалуы тиіс еді. Бірақ, олай болмай қалды. Құрылысшылар үйдің сыртын әрлей алмай отырмыз деп әлек. Күн суытып кетсе керек. Енді ақпан айының соңына қалдырыпты.

Қолда бар қаржыны игере алмай кестеден кешіккен компанияға айыппұл салынбақ. Мұндай шара 2012 жылы құрылысты созбаққа салған талай мердігерге көрілген. Ал сапасы сын көтермегендерін қайта жасауға талап қойыпты.

2012 жылы Шымкент қаласы бойынша жалға берілетін 15 тұрғын үйдің құрылыстары басталған болатын. ды. Оның 8-і биылғы 2013 жылға өтпелі болған, ал өзге 5 баспана кезекте тұрған жерлестерімізге жалға беріліп біреуінің құжаты рәсімделу үстінде кестеден кешіккен. №218 үйді тұрғызуға кіріскен «Шымкентстрой» компаниясы әкімшілік айып төлейтін болады .