Жаңбыр мен дауылдан жапа шеккен аудандарға көмек келді

292
Қатты соққан дауылдан Созақ ауданында бірнеше мекемелердің шатыры ұшқан
Қатты соққан дауылдан Созақ ауданында бірнеше мекемелердің шатыры ұшқан
Қатты соққан дауылдан Созақ ауданында бірнеше мекемелердің шатыры ұшқан

Онтүстік Қазақстан облысының Шардара, Сарыағаш, Ордабасы аудандарында және Шымкент қаласында нөсерлеп жауған жаңбырдың және қардың еруі салдарынан үйлердің аулаларынан су алу жәйттері орын алды. Шардара, Сарыағаш, Ордабасы аудандарында және Шымкент қаласында суды қауіпсіз жерге қашырту жұмыстары жургізілді.

Сарыағаш ауданындағы жүргізілген апатты-құтқару жұмыстарына ОҚО Төтенше жағдайлар департаментінің 29 қызметкері, 2дана техникасы,жергілікті әкімшіліктен 40 адам, 1дана техника жұмылдырылды.Сарыағаш ауданына ОҚО Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары падполковник Д.Байсариев, ОҚО жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялармен дүлей зілзалалардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқарма бастығының орынбасары К. Табылдиев және ОҚО ТЖД 4 қызметкері, 1дана техникамен, ОҚО ТЖД Суда құтқару қызметі ММ-нің 12 қызметкері,2 дана техникасы, 5дана қайықпен шығып кетті. Сарыағаш ауданына барлығы 161 адам, 13 дана техника, 9 дана мотопомпа, 5 дана қайық шықты.

Оңтүстік Қазақстан облысында су тасқынынан үйлері зақымданған тұрғындарға уақытша баспана берілді. Олар азық-түлікпен және киім-кешекпен қамтамасыз етілді. Естеріңізге сала кетейік, 11 қаңтарда ОҚО-ның Сарыағаш ауданына қарасты Қарақалпақ елді мекенінде жауын мен күшті желдің салдарынан 38 үйді су басып, екі үй құлап қалған.

Ал Созақ ауданында дауылдан жапа шеккен халықпен облыс әкімінің өзі кездесіп, барынша көмектесіп жатыр. Облыс орталығынан аттанған арнайы топ, дәл қазір Созақтағы Таукент қалашығында. Мұнда тұрғындардың 90 пайызы, шатырсыз қалған.  Аудан бойынша жарық, көгілдір отын, ауыз су, жылу жоқ.