Қаңтарылған стадион, жабырқаулы жанкүйер…

Көп жылдардан бері күрделі жөндеу көрмеген Қажымұқан атындағы орталық стадионның қазіргі халі мүшкіл

Ойыны оңалмай жүрген «Ордабасы» командасына кінә тағуымыз бекер ме дерсіз. Көп жылдардан бері күрделі жөндеу көрмеген Қажымұқан атындағы орталық стадионның қазіргі халі мүшкіл. Жанкүйерлер стадионға әр беріп тұратын жасыл төсеніштің сиқы қашқанына, трибунадағы орындықтардың қирап жатқандығына алаңдаулы.

Көп жылдардан бері күрделі жөндеу көрмеген Қажымұқан атындағы орталық стадионның қазіргі халі мүшкіл
Көп жылдардан бері күрделі жөндеу көрмеген Қажымұқан атындағы орталық стадионның қазіргі халі мүшкіл

Алаңдайтындай жөні бар. Стадионға 1966 жылы жасыл төсеніш төселіпті. Бүгінде шөптің сирегені, алаңның кейбір жерлері тегіс емес екені көзге сұрықсыз көрініп тұр. Одан бөлек, қаңтарылған орындықтардың саны күн сайын көбейіп келеді. Алғаш ел игілігіне берілгенде бәріміздің қуанышымызда шек болмаған еді. Еңселі футбол алаңы өзге өңірлерде жоқ деп қуанғанымыз рас. Ал қазір…

Барды бағалай білгеніміз жөн емес пе? Облысымыздағы жалғыз футбол алаңын заман талабына сай жөндеуге уақыт жеткендей. Арнайы шөп төселіп, орындықтар ауыстырылса, стадионның сәні кіріп қалар еді. Былтыр алаңға жарық беретін шам қатты желдің кесірінен жерге құлап қалғаны да жадымызда. Ресми емес деректер бойынша, алаңды толық жөндеуден өткізу үшін 50 млн теңге қажет екен. Сол себепті биліктегі азаматтар облыстық бюджеттің 50 миллион теңгесін келешегіміз үшін қиса дейміз.

Жанкүйерлер стадионға әр беріп тұратын жасыл төсеніштің сиқы қашқанына, трибунадағы орындықтардың қирап жатқандығына алаңдаулы
Жанкүйерлер стадионға әр беріп тұратын жасыл төсеніштің сиқы қашқанына, трибунадағы орындықтардың қирап жатқандығына алаңдаулы

Көкейдегіні айтар болсақ, өңірімізде жанкүйерлер сарғая күтетін аяқдоп бәсекелері ортаймаса екен. Ел біріншілігі һәм еуро кубоктік матчтардың өтуі үшін де жасыл алаңымыз жадырап тұруы тиіс. Әйтпесе, көрер қызығымыздан айырылып қалуымыз бір сәтте. Естеріңізде болса, былтыр жасыл алаңымыздың жарамсыздығынан бірқатар бәсекелердің түзде өткені мәлім. Енді сондай қауіп төнбес үшін ертерек қимылдауымыз керек. Белгілі болғандай, биылғы Премьер-лига мау- сымы наурыз айында бас-талады. Өз алаңымызда Павлодардың «Ертісін» қабылдауға тиіспіз.

Сарбиназ АЛДАБЕРГЕНОВА