Қазығұртта 40 оқушы жаппай төбелеспек болды

217
Жаппай төбелеске 40-тан астам оқушы қатыспақ болыпты
Жаппай төбелеске 40-тан астам оқушы қатыспақ болыпты
Жаппай төбелеске 40-тан астам оқушы қатыспақ болыпты

Қазығұрт аудандық тәртіп сақшылары оқушылар арасындағы жаппай төбелестің алдын алды. Анық болғандай, осы аудандағы екі мектептің 40-тан астам оқушысы өзара жұдырықтаспақ болыпты. Олар, тіпті, кездесетін жерді белгілеп, сонда бет алған. Бұл туралы прокурорларға шұғыл топтың мүшелері хабарлады.

Прокурорлар дереу оқиға орнына барып, қанды қырғынның алдын алды. Бұған қоса оқушылардың қатысы бір заң бұзушылықтың беті ашылып отыр.

Нақты айтқанда, полицейлер 11-сыныптың оқушыларын ұстап алып, Қазығұрт аудандық ішкі істер бөлімінің тергеу абақтысында бес жарым сағат бойы қамауда ұстаған.

Оларға бұзақылық жасады деген айып тағылғанымен, ешқандай тергеу құжаты толтырылмапты. Мұны анықтаған прокурорлар жеткіншектерді дереу босатып, тәртіп сақшыларына қатысты жаза кесті.