Джиу-джитсу маманы Шымкентке келді

242

Бұл – Джиу-джитсу бойынша сегізінші дан иесі Руслан Древтің жапон елінен үйреніп келген арнайы жаттығулары. Шым қалада өткен оқу жаттығу семинарында қарағандылық қонақ жергелікті палуандарға бір қатар жаттығу тәсілдерімен таныстырды.

Семинар барысында бапкерлер  теориядан бірден тәжірибеге көшті
Семинар барысында бапкерлер теориядан бірден тәжірибеге көшті

Джиу-джитсу спорт түрінің қазақ жеріне келгеніне 20 жылдай болған. Алайда, отандастарымыздың бұл спорт түрінен елеулі жеңіске жетті деп айту қиын болар. Енді джиу-джитсуды дамыту үшін әр облыста арнайы федерациялар ашылып, бапкерлерді барлық жас ерекшелігіндегі спортшыларды дұрыс жаттықтыруды үйретпек.

Шымкентте джиу-джитсу спорт түріне қарағанда қоян қолтық жекпе-жегі жақсы дамыған. Жерлестеріміз әр кез Республикалық турнирлерден жеңіспен оралады. Биыл тіпті әлем чемпионатына да жол тартсақ деп отыр. Енді джиу-джитсу спорт түрінен де бірқатар секцияларды ашу жоспарға алынған.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=8uvm1T1Ka4s[/youtube]