Имам қыз зорламақ болған

1264
"НасрүллаҺ" мешіті Сайрам ауданы, Қайнарбұлақ елді мекенінде орналасқан

 

"НасрүллаҺ" мешіті Сайрам ауданы, Қайнарбұлақ елді мекенінде орналасқан
«НасрүллаҺ» мешіті Сайрам ауданы, Қайнарбұлақ елді мекенінде орналасқан

Сайрам ауданы, Қайнарбұлақ ауылының имамы қыз зорламақ болды. Ол арам ойын Алланың үйі мешіт – ішінде асырған. Қазір діндар құқық органдарымен құрықталып, кінәсін толық мойындап отыр. Осы оқиғаға байланысты бүгін Әбдулхамит Қаттани атындағы облыстық мешіт өкілдері баспасөз мәслихатын өткізді. Айтуларынша, 26 жастағы жігіт, мешітте имам ретінде тіркелген емес. 

Сайрам ауданына қарасты Қайнарбұлақ ауылының тұрғыны 12 жасар қызын ауыл имамы зорламақ болды деп, арыз түсірген. Іле шала аудандық Ішкі істер басқармасы 26 жастағы имамды қолға түсірді. Ол өз кінәсін мойындап, оған өкінетіндігін жеткізген. Айтуынша, мешіт маңында қызға зорлық жасамақ болған. Бірақ, ауыл тұрғындары оның мұндай әрекет жасайтынына сенебей отыр.

Бұл кезде облыстың бас имамы ұсталған жігіттің мешітте имам болып жұмыс істемейтінін мәлімдеді. Оны жамағаттың өзі таңдап алған.

Аудандық ІІБ-ның хабарлауынша, ұсталған жігіт үйленген және бір баланың әкесі. Қазір имамның бұл әрекетіне байланысты 14 жасқа толмаған бозбаланы зорламақ болғаны үшін деген баппен қылмыстық іс қозғалып жатыр.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=YvK2VaZ0xqI[/youtube]