Парақор полицей 6 жылға сотталды

253
Парақор полицейге үкім шығарылды

 

Парақор полицейге үкім шығарылды
Парақор полицейге үкім шығарылды

Жемқорлық әрекетін әшкерелеуі тиіс қаржы полициясы өкілінің өзі парақор болып шықты. Шымкентте қаржы полициясының капитаны 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

32 жастағы капитан астыртын жолмен жұмыс істеген ойын автоматтарын әшкерелеген. Бірақ бұл факті бойынша қозғалған қылмыстық істі жауып тастамақ болса керек. Сөйтеді де заңсыздыққа барған азаматтан аз емес, 25 мың АҚШ долларын талап еткен. Әлгі де қарап отырмай капитанды өз әріптестері – қаржы полициясына ұстатып жіберген. Сөйтіп пысықай полицей алаяқтығы үшін алты жылға сотталып тынды.

Талғат ҚАХАРОВ, сот төрағасы: «Қатаң режимдегі колонияға қамау жазасымен бірге дүние мүлкі тәркіленсін. Капитан шені кері қайтарылып, 5 жыл көлемінде құқық қорғау органдарында жұмыс істеуіне тыйым салынсын».

Сот капитанның «тайота» көлігіне дейіп тәркілеп алу туралы шешім шығарды. Сондай-ақ, жапа шегуші тарапқа моральдық шығын ретінде жарты млн. теңге көлемінде қаржы төлеуі тиіс.