Шымкентте бәйшешек бүр жарды

Әлемде бәйшешектің 80-нен аса түрі бар
Әлемде бәйшешектің 80-нен аса түрі бар
Әлемде бәйшешектің 80-нен аса түрі бар. Ал мына сурет Шымкентте 11-ақпан күні түсірілді

Елдің өзге аймақтарында сарышұнақ аяз боп жатқанда Шымкентте бәйшешек гүлдеп жатыр.

Биыл оңтүстікте бәйшешек әдеттегіден тым ерте бүр жарды.

Десе де жұртшылық бұл жақсылыққа деген үмітті білдіреді деп қуануда.

Құртқашаштар тұқымына жататын гүлдің дүние жүзінде 80-нен аса түрі бар. Сәндік өсімдік Қазақстанда Қызыл кітапқа енген. Оны жұлуға болмайды.

Сондай-ақ, ауа-райын болжаушылар алдағы күндері Шымкентте күн жылы болатынын айтып отыр. Апта бойында ауа температурасы 12-13 градус жылылықты көрсетпек екен. Десе де, мамандар ақпанда бір қардың болатынын айтып отыр. Ал оның қай онкүндікке сай келері белгісіз.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=plAiEDAd-OA[/youtube]