Әдеттегідей қаламызда Әл-Фараби алыңда әз Наурыз арқа-жарқа тойланды. Көпішілктің мерекелік көңіл күйі тойдың сәнін кіргізіп, мәртебесін көтеруде.
Әдеттегідей қаламызда Әл-Фараби алыңда әз Наурыз арқа-жарқа тойланды. Көпшілктің мерекелік көңіл күйі тойдың сәнін кіргізіп, мәртебесін көтердіАл қаламыздың кішкентай тұрғыны бұл мерекеде батбырауық ойнап жүгіріп жүрді. Балақуаныш наурыздың қаншалықты маңызды екенін ұқтырғандай… «Біз мұнда наурыз тойлап жүрміз. Мен атаммен келдім. Мұнда қызық болып жатыр. Батбырауық ойнап жүрмін. Қазір наурыз көже ішеміз» деді бүлдіршін әсерін жасырмай.Барша жұрт сахнадан көз алмай, өнерпаздардың өнерін тамашалады. Бұл да болса Оңтүстік тұрғындарының өнерге деген құрметін көрсетсе керекАқ жаулықты апаларымыз да өнерлерін ортаға салды. Халық әндерін орындап, көпшіліктің көзаймы болды«Абай саябағында» қолөнершілердің тамаша туындылары да ұсынылды. Көрмеге тамсанған көпшілік тіпті шеберлерден жасалу жолын сұрады. Киіз үй құрастыруды үйренді«Абай саябағында» қазан-қазан асылып, табақтар таратылды. Көпшілікке бұл мейрамда наурыз көжемен қатар, күріш палауы да ұсынылдыАл «Орталық саябақта» наурыз көжемен бірге, тәттілер де үлестірілді. Айтпақшы, бұл тәттілерді ЖОО-ның студенттері жасаған. Жігіттер 1 түн бойы ұйықтамай, осы тағамдарды пісірдік дейді ағынан жарылаТәттілердің құрамында жаңғақ және бал бар екенін айтты. Қамыры да жұмсақ әрі қабатталған. Құпия-құрамымен осылай бөлісті жас аспаздар«Орталық саябақта» тігілген киіз үйлер айналасында түрлі ұлттар мен ұлыстардың бар тағамдары ұсынылды. Келген көпшілік бал татыған тағамдарға тәнті болғанын жасырмады