Құдықтан ыстық су шықты

542
құдықтан су ішіп отыр
ыстық су шыққан құдық
ыстық су шыққан құдық

Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданының тұрғындары таңғажайып табиғи құбылыстың куәсі болды. Жаңажол ауылының тұрғыны Исабек Қожахметовтің ауласындағы құдықтың суы бір түнде жылып кеткен. Ақүрпек қар жамылып жатқан жердің астынан шыққан судың температурасы шамамен +25С +30С-қа көтерілген. Бұл құбылысты жергілікті жұрт түсіне алмай дал.

Үй иесі құдықты үш жыл бұрын қаздырғанын айтады. Ауылдың бір шетіндегі қыратқа орналасқандықтан, жерасты суы 12 метр тереңдіктен шыққан. Суды жоғарыға қарай сорғымен тартқанда ол кенеттен ыстық болып кеткен. Қариялар «ыстық суға әсіресе келіндер қарық болып қалды. От жағып су жылытуға уақыт оздырмай дайын суға кір-қоңдары мен ыдыс-аяқтарын жуып жүр» деп риза.

Құдықтан 20 метрдей жерде суы салқын Бадам өзені ағып жатыр. Ауылдағы басқа үйлерде де жерасты суында ешқандай өзгеріс байқалмаған. Ал елуді еңсерген үй иесі Исабек Қожахметов бұл құбылысты әлемдегі болып жатқан түрлі жағдайлар мен жер қыртысының өзгеруіндегі қандай да бір құбылыстардан болуы мүмкін деп отыр.

Жергілікті тұрғын бұл өзгеше құбылыстың себебін түсіндіру үшін мамандарға жүгінбекші. Отбасы құдықтан шыққан ыстық судың сапасына күнамданады. Әзірге ыстық суды тұрмыстық қажеттіліктерге ғана пайдаланып отырған отбасы ауызсуларын көршілерден тасып ішіп отыр.