«Оңтүстік Жарық Транзит» желілерді жаңартуды бастайды

Бағдарламаны жүзеге асыру үшін осы жылы серіктестік ұжымы 2 млрд. 400 млн. теңге қарастырып отыр
Бағдарламаны жүзеге асыру үшін осы жылы серіктестік ұжымы 2 млрд. 400 млн. теңге қарастырып отыр
Бағдарламаны жүзеге асыру үшін осы жылы серіктестік ұжымы 2 млрд. 400 млн. теңге қарастырып отыр

«Оңтүстік Жарық Транзит» компаниясы электр желілерін жаңартуға арнаған кезекті қаржылық бағдарламаларды іске қосуды бастады. Энергетиктердің жоспарлауынша, осы жұмыстардан соң тұрғындардан түсетін арыз-шағым 2 есеге қысқаратын болады. Сондай-ақ, электр желілеріндегі ақаулар да азаятын болады.

«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің ашық алаңқайына қуаты түрлі дәрежедегі жаңа трансформаторлар әкелінген. Бұл энергетиктердің желілерді жаңалауға сатып алған құрылғыларының аз ғана бөлігі.

Энергетиктердің қабылдаған инвестициялық бағдарламасы аудан-қалалардағы үлкен көлемді жұмыстарды қамтыған. Энергетикалық нысандарды жаңалауға арналған бағдарламаны жүзеге асыру үшін осы жылы серіктестік ұжымы 2 млрд. 400 млн. теңге қарастырып отыр.

Қазіргі таңда «Оңтүстік Жарық Транзиттің» қоймаларына жөндеу жұмыстары үшін қажетті заттар мен құрылғылар әкелінуде. Бұл тауарлар тиісті аудандардағы электр желілерін жаңалауға қажет. Сәуір болмай, тәуір болмасс. Энергетиктер қарқынды іске келесі айдан бастап кіріспек. Желілерді жөндеу жұмыстары қара күзге дейін жалғасатын болады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=A_wJPSR8JsY[/youtube]