Оңтүстікте көктем жылы болады

343
көктемнің бірінші күні Шымкентте күн шыжып тұр
көктемнің бірінші күні Шымкентте күн шыжып тұр
көктемнің бірінші күні Шымкентте күн шыжып тұр

Оңтүстікте көктем жылы болады. Облыс синоптиктері осылай деп болжап отыр. Көктемнің алғашқы күні Шымкентте күндіз ауа температурасы +15 градус жылы болды. Күні ертең облыс бойынша +18 градусқа дейін жылы болады,. Тек 3-4 наурыз күндері ауа райы жауын шашынды, тұман түсіп, жепл тұруы ықтимал.

Динара Айтмұрзаева, «Қазгидромет» РМК ОҚОФ инженер-синоптигі: «Наурыз айының бірінші онкүндігінде түнде 0,-5 аяздан онкүндіктің соңына қарай 5-7 градусқа дейін жоғарылайды. Ал күндіз ауа температурасы 6-11 градус жылыдан 12-18 градусқа дейін көтеріледі».

Ал наурыз айының екінші онкүндігінде күн күрт жылынады деп болжайды синоптиктер.

Екінші онкүндікте күндіз ауа температурасы 20-25 градусқа дейін көтерледі деп болжанып отыр. Наурыз айының 3-ші онкүндігінде ауа температурасы 12-15 градус жылы болады күндіз. Батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м\с жылдамдықпен болмақ.