Зираттарды абаттандыруға көңіл бөлінбей отыр

338
Туыстарын жерлеуге келген жерлестеріміз сол күннен кейін мұнда атбасын бұрмайды

 

Туыстарын жерлеуге келген жерлестеріміз сол күннен кейін мұнда атбасын бұрмайды
Туыстарын жерлеуге келген жерлестеріміз сол күннен кейін мұнда атбасын бұрмайды

Өлі риза болмай, тірі байымайды! Зираттарды да қоқыстан тазартып, абаттандыруға көңіл бөлуіміз керек. Облыс әкімдігі барша жұртқа осындай үндеу тастап отыр. Оңтүстікте қазір 700-ден астам зират бар. Оның ішінде аумағы жағынан үлкені және жаңасы Шымкент-Ташкент бағытындағы 64 гектар алқапты алып жатқан Жаңа Мұсылман қорымы.

Бұл зираттың құрылысы және ондағы абаттандыру ісі 2007 жылы басталды. Бірақ осы күнге дейін аяқталған жоқ. Есесіне, бұл аралықта құрылыстың жобалық сметалық құжаты бірнеше рет өзгерді. Биылғы жылы да өзгеріссіз болмайын деп тұр. 

Шералы Әбдалиев қаладағы Жаңа мұсылман қорымында соңғы екі жілдан бері шырақшы. Әр күні кемінде үш сағаттай уақытын зиратты қоқыс қалдықтарынан тазартуға жұмсайды. Туыстарын жерлеуге келген жерлестеріміз сол күннен кейін мұнда атбасын бұрмайды.

Зираттың аумағы алғашқыда 100 гектар болатын. Кейін 64 гектар шамасында болып қалды. Бұл зиратты қоршап, онда тиісті құрылыс жүргізу кезінде сиыр құйымшақтанып кеткені бар.

2007 жылы басталған құрылысқа алғашқыда 6 млн теңге бөлініп, ал 2008\2009 жылдары бір тиын да берілмеді. Мердігер компания құны 279 млн теңгелік құрылыстың 74 млн теңгесін 2010 жылы жүз млн қаржысын 2012 жылы игеріпті. Сол құрылысты толық аяқтауға енді 100 млн теңге қажет. Бірақ ол мәселе қайта қаралмақшы.

Әзірге қоршалған қорымда не су, не жарық жоқ. Қаңырап бос тұрған 6 ғимарат бар. Қақаған қыстан әзер шыққан Шералы ақсақал көктем келгеніне қуанып отыр. Уайымы өзі отырғызған 300-ге тарта ағаш көшеттерін шілдеден аман шығару. Суды шелектеп тасып құюға ақы да сұрамас едім дейді ол.

Көктемнің келуімен облыс әкімдігі зираттарды күтіп ұстап, тазартуға ат салысайық деп үндеу тастады. Ал Шымкенттік шенеуніктер биыл жаңа мұсылман қорымының құрылысын аяқтайды деген үміттеміз. Себебі дана халқымызда «Өлі разы болмай тірі байымайды» деген сөз бар.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=CziqIFlOx-s[/youtube]