Орынбасардың құны 50 мың доллар

192
қызметін асыра пайданалған
қызметін асыра пайданалған
қызметін асыра пайданалған

9-сәуірде Шымкент қалалық әкімшілігі кадр қызметінің бас маманына қатысты алаяқтық жасауға оқталу дерегі (ҚР ҚК-нің 28 бабының 3 бөлігі – 177 бабы 4 бөлігінің «б» тармағымен) бойынша қылмыстық ісі қозғалды. Бұл жайында ОҚО Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрес департаментінің баспасөз қызметіндегілер хабарлады.

Күдікті мемлекеттік лауазымды қызметті атқарушы адам бола тұра, өзінің қызмет бабын асыра пайдаланған. Ол мекеме мамандарын жұмысқа қабылдау және босатуға ешқандай құзыреті болмаса да, 2013 жылдың 8 сәуірінде И. деген азаматқа ОҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бастығының орынбасары қызметіне орналастырамын деп уәде берген. Осындай арам ойын жүзеге асыру үшін күдікті алдау арқылы алаяқтық жолмен жалпы сомасы 50 мың АҚШ долларын пара ретінде алған.

Қазіргі таңда қылмыстық іс тергелуде және басқа мәлімет тергеу амалдары жүргізілуіне байланысты жарияланбайды.