Алаяқтар «Темірбанктің» оңтүстік бөлімшесіне миллиардтаған шығын келтірген

297
"Темірбанктің" ОҚО бөлімшесі
Гүлмира Масатбаева
Гүлмира Масатбаева

Өткен жылдың шулы оқиғаларының бірі «Темірбанкке» қатысты қылмыстық оқиға екен. Облыс полицейлері қаржылық құйтырқылық әрекет жасағандардың үстінен 200-ден астам қылмыстық іс қозғады. Ұйымдасқан қылмыскерлердің «Темірбанктің» жергілікті бөлімшесіне келтірген шығыны 2 млрд. теңгеден асып жығылады.

Бұл мәлімет қаржылық құрылым басшыларының Ішкі істер департаментіне арыздануынан соң мәлім болған. Полиция қызметкерлерінің сөзіне сүйенсек, қазір айыпталған елу азаматқа қатысты 60 қылмыстық іс сотқа жолданған. 15 күдікті қамауға алынып, 22 алаяқ өз жазасын тартып отыр.

Гүлмира Масатбаева, ОҚО ІІД тергеу басқармасының аға тергеушісі:»Олар әуелі техникалық құжаттар әзірлеген. Жылжымайтын мүліктің техникалық паспорты секілді барлық құжаттарды туралаған. Осы жалған құжаттарды банкке делдалдар арқылы тапсыру нәтижесінде ірі мөлшерде қаржы алып отырған. Алаяқтар бір ізбен жұмыс істеп келген».

"Темірбанктің" ОҚО бөлімшесі
«Темірбанктің» ОҚО бөлімшесі

Құқық қорғаушылардың айтуынша, олар 4 млн-нан 20 млн. теңгеге дейін несие рәсімдеген. Алаяқтар құйтырқы әрекетін делдалдар мен банктің оншақты менеджерінің көмегінің арқасында жүзеге асырып келген. Бұл қызметі үшін ымыраласқандар шыққан ақшаның 10-15 пайызын иемденіп отырған.