«Ордабасы» футбол клубының бас жаттықтырушысы Вахид Масудов ауылына қайтты

235
Енді ордабасылықтарды Виктор Пасулько жаттықтырады, фото Джумабековтікі

«Ордабасы» футбол командасы төңірегінде дау шықты. Футбол жанкүйерлері бас бапкер Вахид Масудовтың қызметтен кетуін талап етіп шу шығарды. Тіпті «Ордабасы» – «Астана» командалары кездесуінде жанкүйерлердің ашуланғаны сонша жасыл алаңға дейін түсіп кетті. Бұл кезде оларды райынан қайтаруға полицейлер кірісті. Бірақ олар араша бола алған жоқ. Бұған себеп үш кездесудің нәтижесінде оңтүстік аяқдопшылардың қоржынға бір ұпай ғана салып, турнирлік кестенің оныншы орнына түсіп кетуі.

"Ордабасының" жанкүйерлері Масудовтың ауылына қайтуын талап етуде, фото Джумабековтікі
«Ордабасының» жанкүйерлері Масудовтың ауылына қайтуын талап етуде, фото Т. Джумабековтікі

Бұл шудан соң «Ордабасы» футбол командасының басшылығы түгелдей дерлік қызметтен кетуге мәжбүр болды. Бүгін түс ауа басқарма басшысы Полат Қырықбаев шұғыл жиын өткізіп, басшылдардың бір нешесін қызмметен қуды, бір қатарына сөгіс жариялады.

Полат Қырықбаев, ОҚО туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының бастығы : » Бүгін мен басқарма бастығы ретінде клуб президенті Қайсар Абдраимовқа сөгіс жарияласын, ал спорттық директоры Бағлан Ергешев қызметінен босатылсын деген бұйрыққа қол қойдым. Сондай-ақ, қақпашылардың бапкері Олег Воскобойников та жұмысынан босатылды. Ал Иксановқа сөгіс жарияланды.»

Енді ордабасылықтарды Виктор Пасулько жаттықтырады, фото Джумабековтікі
Енді ордабасылықтарды Виктор Пасулько жаттықтырады, фото Джумабековтікі

Бүгін Германиядан Виктор Пасулько Шымкентке қарай жолға шықты. Ордабасының бұрынғы бапкері осы уақытқа дейін жұмыссыз жүргенге ұқсайды. Ал Шымкенттіктерден ұсыныс түскенде бірден-ақ қабылдаған. Естеріңізде болса, «Ордабасы» клубымен бірге ел Кубогін және Суперкубокті жеңіп алған маманмен өткен жылы ғана келісім кейінге ұзартылмай, Пасулько ауылына қайтқан болатын. Кейіннен, спорттық директор Бағлан Ергешевпен ғаламтор арқылы дауласып қалған кезі де болды.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=Sd_BRDBYcu4[/youtube]