Салықшылар тіркелмеген мүліктерді анықтауға кірісті

195
Тіркелмеген нысандар қала аумағында көп
Тіркелмеген нысандар қала аумағында көп
Тіркелмеген нысандар қала аумағында көп

Шымкенттегі шағынаудандарда бой көтерген зәулім үйлердің құны дұрыс бағаланбаған. Салдарынан қожайындары мүлік салығын тым арзан бағамен төлеуде. Осы олқылықтарды ретке келтіру жөнінде салықшылар облыс әкімінінен тапсырма алғанды. Осыған орай үш ауданда жұмысшы топтары құрылды. Олардың құрамына салықшылардан бөлек жылжымайтын мүлік орталығы мен аудан әкімдіктерінің өкілдері кірді.

Әбілқасым Әбдраманов, Еңбекші ауданы бойынша салық басқармасының бөлім бастығы: «460 іс бойынша материалдар сотқа жіберілді. Әсіресе жоғарыда істейтін қызметкерлерді ескертеміз. Мүлік салығын мерзімінде төлеңіздер. Салықты 3-4 жыл төлемеген, тіркеуде жоқ үйлер әлі жеткілікті».

Еңбекші ауданы бойынша мамандар мыңнан астам үйлерді аралап, салық басқармаларында тіркелген 530 үй анықтаса, 92 үй мүлдем тіркеуде жоқ болып шықты. Олардан қазынаға 24 млн теңге түсуі тиіс. Тараз шағынауданында жүргізілген рейдтің барысында салық төлеушілерге әдеттегідей ескерту берілді.

Көп жағдайда салық төлеушілермен кездесу мүмкін болмайды. Зәулім үйді салуға уақыт та, қаржы да тапқан азаматтар міндетті салық төлеуге асықпайды. Алайда, жұмысшы тобы мұндай мүліктерді қайта бағалап, қазынаны толықтырамыз деп бекініп отыр.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=sXhMgL0tXXM[/youtube]