Шымкентте бір күннің ішінде заңсыз жүрген 60 шетелдік анықталды

304
Еліміздің шекарасын заңсыз аттағандардың бір тобы

Оңтүстік Қазақстан облысында «Мигрант» алдын алу операциясы өтіп жатыр. Күн аздап жылынып, құрылыс маусымы бастала салысымен елімізге алыс-жақын шетелдерден жұмыс істеуге қабілетін бар ер-азаматтардың ағылатыны – жыл сайынғы құбылыс. Ал олардың көбісінің рұқсатсыз жұмыс істейтіні де ешкімге жасырын емес. Тәртіп сақшыларының айтуныша, Қазақстанда орын алатын қылмыстық оқиғалардың біразы осы келімсектердің қолымен жасалады.

Еліміздің шекарасын заңсыз аттағандардың бір тобы
Еліміздің шекарасын заңсыз аттағандардың бір тобы

Осындай келеңсіз жағдайдың алдын алу үшін полицейлер кең көлемді рейдтік шараларды бастап жіберді. Оның нәтижесі де жоқ емес. Рейдтің алғашқы күнінің өзінде тәртіп сақшылары Шымкенттің маңындағы жекеменшік нысандарда жұмыс істеп жүрген бір топ шетелдікті анықтаған. Олардың ұзын-саны 60 адам болып шықты.

Ринат Кенжебеков, Шымкент қалалық ішкі істер басқармасының қызметкері
Ринат Кенжебеков, Шымкент қалалық ішкі істер басқармасының қызметкері

«Рейдтің алғашқы күнінде елімізде жүрген 60 Өзбекстан азаматын таптық – дейді Ринат Кенжебеков, Шымкент қалалық ішкі істер басқармасының қызметкері. – Алғашқы тексеру барысында олардың қолында ешқандай құжаттары жоқ екені анықталды. Оған қоса біздің елде жұмыс істеуге де рұқсаттары жоқ».

Шекарадан заңсыз өткен азаматтардың бірі – Ильхом есімді мына жігіт. Өзінің жасы 18-ге күні кеше ғана толыпты. Өзбекстаннан нәпақа табуға келдім деген ол Қазақстанда жұмыс істеу үшін рұқсат болуы керек екенін де біледі. Дегенмен, тәукелге бел буып, отбасын асырау үшін көрші елдің шекарасын аттауға бел буады. Енді, міне, төлқұжатын бригадиріне тапсырған тәртіп сақшыларының құрығына ілініп отыр.

Полицейлер бұл азаматтардың жеке басын анықтау үшін Шымкент қалалық ішкі істер басқармасының арнайы қабылдау орнына жеткізді. Осында тексеру барысында 60 азаматтың тек онға жуығының ғана төлқұжаты қолдарында екені анықталды. Қазір осы келімсектердің ісін Шымкент қалалық ішкі істер басқармасының мамандары тексеріп жатыр.