10 млрд теңге бөлінді

Бүгінгі таңда облысымызда аталған бағдарламаның аясында құрылысы жүргізілетін тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарына мемлекеттік сатып алу конкурстары өтіп, келісім шарттар түзілуде
Бүгінгі таңда облысымызда аталған бағдарламаның аясында құрылысы жүргізілетін  тұрғын үйлердің  құрылыс жұмыстарына мемлекеттік сатып алу конкурстары өтіп, келісім шарттар түзілуде
Бүгінгі таңда облысымызда аталған бағдарламаның аясында құрылысы жүргізілетін тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарына мемлекеттік сатып алу конкурстары өтіп, келісім шарттар түзілуде

«Қолжетімді тұрғын үй — 2020» бағдарламасын тиімді іске асыру мақсатында облыс деңгейінде 2020 жылға дейінгі арнайы жоспар бекітіліп, тиісті жұмыстар атқарылуда.

Бүгінгі таңда облысымызда тұрғын үйге мұқтаж 14 мыңға жуық отбасының басым бөлігін баспанамен қамтамасыз ету мақсатында, 2013 жыл облысымызда «Тұрғын үй» жылы болып жарияланды. Республикалық бюджеттен тұрғын үй құрылысына 2 млрд. теңге қарастырылған болса, жергілікті бюджет есебінен қосымша 10 млрд. теңге бөлініп отыр.

Нәтижесінде, ағымдағы жылы 80 (226 мың ш.м.) тұрғын үйдің құрылысы басталуда. Бұдан бөлек құрылысы өткен жылдарда басталған 28 (105 мың ш.м.) тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Жалпы айтқанда, бұл алдағы екі жылдың ішінде облыс бойынша тұрғын үйге мұқтаж отбасылардың жартысына жуығын баспанамен қамтуға мүмкіндік береді (пәтерге мұқтаждар саны — 13 700 отбасы) немесе орташа есеппен адам басына шаққанда 25-30 мың адам баспаналы болады.

Жыл соңына дейін бюджет есебінен 100 мың ш.м. құрайтын 45 тұрғын үйді пайдалануға тапсыру көзделіп отыр. Бұдан бөлек жеке инвесторлардың және жеке тұрғын үй құрылысы есебінен 300 мың ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілмек.

Бағдарламаның әрбір бағыты бойынша айтар болсақ:

1) Арендалы тұрғын үй құрылысы бағыты бойынша 14,5 мың ш.м. құрайтын 25 тұрғын үй құрылысы басталды. Олардың 24-і (10,9 мың ш.м.) ағымдағы жылы аяқталса, 1 үй (3,6 мың ш.м.) 2014 жылға өтпелі.

2) Жас отбасыларға жалға берілетін тұрғын үй құрылысы бағыты бойынша 26 мың ш.м. құрайтын 7 тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. Олардың 2-і (8,4 мың ш.м.) ағымдағы жылы аяқталса, 5 үй (17,6 мың ш.м.) 2014 жылға өтпелі.

3) Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы 44,7 мың ш.м. құрайтын 9 үйдің құрылысы жүргізілуде. Олардың 15 мың ш.м. құрайтын 4 үй ағымдағы жылы, ал қалған 5 үй (29,7 мың ш.м). келесі жылы пайдалауға беріледі.

4) Қазақстан ипотекалық компаниясы арқылы 56,1 мың ш.м. құрайтын 15 тұрғын үйдің құрылысына қажетті жер мәселесі толығымен шешіліп, барлық қажетті құжаттарға қол қойылып, құрылысы жаз айларында басталатын болады. Оларды пайдалануға тапсыру 2014 жылға жоспарлануда.

5) Тұрғын үй комбинаты республикада бірінші болып Оңтүстік Қазақстан облысында іске қосылып (жылдық өнімі 150 мың ш.м), қазіргі таңда тұрғын үй салуға 1,5 га жер телімі берілді. 9 қабатты 1 және 2 типтегі 4 тұрғын үйдің (6,7 мың ш.м.) құрылысын бастауға облыстық бюджет есебінен 400 млн. тг қаржы бөлу туралы шешім қабылданып, құрылыс жұмыстарын жаз айларында бастауды жоспарлап отырмыз.

Жоспардағы қаржының толығымен игерілмеу себебі, мемлекеттік сатып алу конкурстарының қайта өткізілуіне байланысты болып отыр.

ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес, егер конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу өтпеді деп танылған жағдайда бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу жүргізілуі мүмкін.

Яғни, тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алу туралы Заңына сәйкес конкурс бірінші рет өтпеді деп танылғаннан кейін-ақ оны бір көзден сатып алуға мүмкіндігі бар.

Алайда, бәсекелестікке жағдай туғызу және неғұрлым білікті ықтимал өнім берушіні анықтау мақсатында облыс әкімдігінің қабылдаған қаулысына сәйкес, тапсырыс берушілермен бір көзден сатып алу туралы шешім екінші рет қайта өткізілген конкурстан кейін ғана қабылданады.

Бүгінгі таңда облысымызда аталған бағдарламаның аясында құрылысы жүргізілетін тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстарына мемлекеттік сатып алу конкурстары өтіп, келісім шарттар түзілуде.

2013 жылдың бірінші жарты жылдығында аталған үйлердің құрылысына қаралған қаржылар толығымен игерілетін болады.

Шымкент қаласының бас жоспарының 2012 жылы шілде айында бекітілуіне байланысты әкімшілік іскерлік орталығының егжей-тегжей жоспары жасалды.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі