1-маусым — Балаларды қорғау куні

1312
Ойынның да қызған сәті. Қызқты ойынды ешкім бөле алмайды. Себебі олар мұндай қуанышты тойды асыға күткен.
Кішкентай достарымыз балалар мерекесін денросаябаққа келіп тойлады. Жүздері бал бұл жайнаған бүлдіршіндер мәре-сәре болып ойнап жүр.
Кішкентай достарымыз балалар мерекесін денросаябаққа келіп тойлады. Жүздері бал бұл жайнаған бүлдіршіндер мәре-сәре болып ойнап жүр. Ауқымы кең шараға өздері де келіп атсалыспақ
достарымен бірге тойлап жүрген балақайлар Саябақтың сәнін кіргізді осылай. Ата-анасымен, туыстарымен, сыныптастарымен қыдырып жүр. Ойын ойнап, мерекені қуанышты атап өтуге олар да ынтызар.
Айтулы күнді достарымен бірге тойлап жүрген балақайлар саябақтың сәнін кіргізді осылай. Ата-анасы, туыстары, сыныптастарымен қыдырып жүр. Ойын ойнап, мерекені қуанышты атап өтуге олар да ынтызар. Айта кетейік, бұл мереке әлем елдерімен 1949 жылдан бастап аталып өтуде. Бүгінгі күні Шымкент қаласы тұрғындарының — 220 мыңға жуығын балалар құрайды. Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, ОҚО бойынша жыл сайын 30 мыңнан астам нәресте дүние есігін ашады
Балалар құрметіне арналған мерекені үлкендер де айрықша көңіл бөлуде.
Балалар құрметіне арналған мерекеге үлкендер де айрықша көңіл бөлуде. Таңғы сағат 8-00-ден бастап денросаябаққа ағылған жұртшылық қуанып, жадырап жүр
Бұл сәтте мерекені тойлауды балалар бастап та кеткен. Саябаққа кіре берісте олар ән салып, мерекенің мәртебесін көтеруде. Көңілді, патриоттық ән салған балақайлар  мерекеге шашуын ән арқылы жолдауда.
Бұл сәтте мерекені тойлауды балалар бастап та кеткен. Саябаққа кіре берісте олар ән салып, мерекенің мәртебесін көтеруде. Көңілді, патриоттық ән орындап балақайлар мерекеге шашуын осылай  ән арқылы жолдауда
Бұл мерекені тойлауға әрбір бала ынтық. Мүмкіндігінің шектеулілігіне қарамасьан баршасы қуанып, көтеріңкі көңіл күймен, шатанып тойлап жүр. Балакөңіл маусымның шуақты мерекесінің мәнін асырды.
Бұл мерекені тойлауға әрбір бала ынтық. Мүмкіндігінің шектеулілігіне қарамастан, баршасы қуанып, көтеріңкі көңіл күймен, шаттанып тойлап жүр. Балакөңіл маусымның шуақты мерекесінің мәнін, мәртебесін асырды
Күн де қарасып жайма-шуақ нұрын төгіп тұр. Балалр түрлі-түсті шарларын алып жүгіріп жүр.
Күн де қарасып жайма-шуақ нұрын төгіп тұр. Ал балалар түрлі-түсті шарларын алып жүгіріп жүр. Үлкендерге қалғаны тек сырттан бақылап, олардың қуанышына ортақтасу
Ойынның да қызған сәті. Қызқты ойынды ешкім бөле алмайды. Себебі олар мұндай қуанышты тойды асыға күткен.
Ойынның да қызған сәті. Қызқты ойынды ешкім бөле алмайды. Себебі олар мұндай қуанышты тойды асыға күткен. Кішкентай ару Назерке өзінің құрбысымен «жүгіріспек» ойынын ойнаудан жалықпайды
Суретшілер сайысы да өрбіді мұнда. Балалр "Бақытты балалық шақ" суреттерін салудан жарысты. Әркімнің ойлау қабілеті әртүрлі болғандықтан, сурет кескіні де өзгеше.
Суретшілер сайысы да өрбіді мұнда. Балалар «Бақытты балалық шақ» суреттерін салудан жарысты. Әркімнің ойлау қабілеті әртүрлі болғандықтан, сурет кескіні де өзгеше
Келген көпшілік суреттерге таңдай қаға тәнті болып жүр. Олардың қиялына дән риза. Тіпті қандай бояу түрін қолданғанын да сұрап әлек.
Келген көпшілік суреттерге таңдай қаға тәнті болып жүр. Олардың қиялына дән риза. Тіпті қандай бояу түрін қолданғанын да сұрап әлек. Бұл суреттің сапасы ғана емес, сырының терңдігінде болса керек
Балақай бізге мақтана қарап тұр. Бақыты отбасын бейнелеген ол, ата-ананы құрметтеу керек, сонда ғана біз тәрбиелі, үлгілі отбасы бола аламыз деді ойын жасырмай.
Балақай бізге мақтана қарап тұр. Бақыты отбасын бейнелеген ол, ата-ананы құрметтеу керек, сонда ғана біз тәрбиелі, үлгілі отбасы бола аламыз деді ойын жасырмай. Ал қазір ағамның отбасын суретімен арқау еттім дейді ол
Бірі
Бірі ата-анасы, балалары — отбасын бейнелесе, екіншісі олардың өмірін көрсетуге асықты. Жүріп өтетеін баспалдақтарын елестетті осылай. Әлімсақтан бастап, қартайғанға дейінгі жағдайы осы жас суретшінің еңбегінен көрініс тапты
Мерекенің мәнін қою бояумен бейнелеп, қылқаламның шеберлігі арқылы жеткізуді жөн көрген достарымыз да бар. Олар Өз бақытты балалық шағын қағаз бетіне түсіруге асықты. 9 жасар Аружан да таңертеңнен бері сурет салуға кірісіп кеткен.
Мерекенің мәнін қою бояумен бейнелеп, қылқаламның шеберлігі арқылы жеткізуді жөн көрген кішкентай суретшілер көп болды. Олар өз бақытты балалық шағын қағаз бетіне түсіруге асықты. 9 жасар Аружан да таңертеңнен бері сурет салуға кірісіп кеткен.
Аружан Тұрсын
Аружан Тұрсын бақытты отбасының балық аулауға барғанын бейнелепті. Айтуынша, қармаққа ілінген «Алтын балық» олардың бар тілектерін орындайды. Сол сияқты денсаулық, бақыт, қуаныш барлығы осы суретте отбасына сыйға тартылады. «Сыйқыршы балықтың » жомарттығына өзі де тәнті
"Доп - ойнаған тозар"
«Доп — ойнаған тозар» деген сөздің мұнда еш қатысы жоқ. Себебі балалар мереке аясында қуана доп теуіп жүр. Өзара екі құрама болып футбол ойнаған олар, шешім шығаратын төрағаларды күтіп отыр. Спортты жанындай жақсы көретіндері бірден байқалады
Бірі доп қуалап жүрсе, енді бірі қазақтың ұлттық ойыны - күреске жақын.
Бірі доп қуалап жүрсе, енді бірі қазақтың ұлттық ойыны — қазақша күреске жақын. Әбден алысып шаршаған ойыншылар, тынығып отыр. Бірнеше минуттан соң, ақтық мәре болады, күш жинап отырмыз, дейді күш иелері
Саябақ ішінде әрлі-берлі жүрген тұрғындар қайда барарын білмей жүр. Себебі саябақтың кез келген орнында арнайы мерекелік іс-шаралар өтуде. Барлығы да бабалар құрметі үшін дейді ұйымдастырушылар.
Саябақ ішінде әрлі-берлі жүрген тұрғындар қайда барарын білмей жүр. Себебі саябақтың кез келген орнында арнайы мерекелік іс-шаралар өтуде. Барлығы да осы балалар құрметі үшін дейді ұйымдастырушылар
Денросаябақтың түкпір-төріндегі сахна да бос емес. Өнерлі балалар ортаға шығып, баршаға мерекелік көңіл күй сыйлауда. "Жаса Қазақстан" деп әуелете шырқаған әні
Денросаябақтың түкпір-төріндегі сахна да бос емес. Өнерлі балалар ортаға шығып, баршаға мерекелік көңіл күй сыйлауда. «Жаса Қазақстан» деп әуелете шырқаған олар, көпшілікке патриоттық сезім сыйлағымыз келді дейді ағынан жарыла
Дөңгелене билеген достармыздың биі өздеріне жарасып-ақ тұр.  Көк тумызды желтіберетіп, мақтана өнер көрсетен оларға көрермендер дән риза.  кішкентайлар биіне тәнті болғандар тапшылмай концертті тамашалады
Дөңгелене билеген бүлдіршіндер биі өздеріне жарасып-ақ тұр. Көк туымызды желбіретіп, мақтана өнер көрсеткен оларға көрермендер дән риза. Кішкентайлар биіне тәнті болғандар тапжылмай концертті тамашалап отыр
Айта кетейік, биылғы жылы жергілікті бюджет есебінен әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларына 29 млн. теңге қаржы қаралып,2,5 мыңға жуық балалар жазғы сауықтыру лагеріне демалуға мүмкіндік алып отыр. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 1000 балаға артық.
Айта кетейік, биылғы жылы жергілікті бюджет есебінен әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларына 29 млн. теңге қаржы қаралып,2,5 мыңға жуық балалар жазғы сауықтыру лагеріне демалуға мүмкіндік алып отыр. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 1000 балаға артық
Сонымен 7000 бала атсалысқан өнер сайысы мәресне жетіп, жеңімпаздар марапатталды. Айт кетерлік жәйт, Шымкент қаласында "Балапан" бағдарламасы аясында мектепке дейінгі жастағы балаларды балабақшамен қамту 2009 жылы небәрі - 29 пайызы құраса, бүгінгі күні бұл көрсеткіш 70 пайызға жетіп отыр.
Сонымен 7000 бала атсалысқан өнер сайысы мәресіне жетіп, жеңімпаздар марапатталды. Айт кетерлік жәйт, Шымкент қаласында «Балапан» бағдарламасы аясында мектепке дейінгі жастағы балаларды балабақшамен қамту 2009 жылы небәрі — 29 пайызы құраса, бүгінгі күні бұл көрсеткіш 70 пайызға жетіп отыр

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=bH4NfGSyOdk[/youtube]