Бөлелер бірігіп адам өлтірген

913
қылмыс жасағандар тоғытылды

 

қылмыс жасағандар тоғытылды
қылмыс жасағандар тоғытылды

Бөлелер бірігіп адам өлтірген. Көмір қоймасының кассасындағы ақшаны қымқырып, қажетіне жаратпақ болғандар кезіккен кедергіні көзіне ілгісі келмесе керек. Жолындағыны жайратып кете барған. Баукеспелердің жанында тағы екі сыбайласы болған. Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот осы оқиғаға қатысты үкім шығарды.

Көмір сататын қоймадағы қыруар қаржыға қарық боламын деген төрт жігіт сот залынан бірақ шықты. Жоспарды тыңғылықты құрған олар кедергі болатын адам табылмас деп ойласа керек. Бірақ шабуылшыларға қарсы қарауыл мен кассир шығыпты.

Шабуыл жасалған күні көмір қоймасының кассасында қомақты қаржы болмаған. Содан соң жолы болмаған қарақшы топ автокөлікпен қашып кете барған. Алайда оларды Ордабасы аудандық ІІБ-ның қызметкерлері алысқа ұзатпай, қолға түсірген. Қылмыстық топтан айғақты зат ретінде бетперде, екі мылтық пен 75 мың теңге тәркіленген.

Ақшаның құлы болғандар осылайша бір күнде екі адамның өмірін қиды. Сотта оларды аяп қалған жоқ. Енді қаныпезерлер жазасын темір торда өтейтін болады. Алайда жазаның марқұмдарды өмірін қайтарып бермесі анық.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=NiDExCXPMi8[/youtube]