Депутаттың қызын өлтірмек болған

245
Салтанат Қаракөзова, ОҚО ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының бастығы
Салтанат Қаракөзова, ОҚО ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының бастығы
Салтанат Қаракөзова, ОҚО ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының бастығы

Депутаттың 10 жасар қызын өлтірмек боп қорқытқан. Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Нұрғазы Бұхарбаев ОҚО ІІД-не осылай деп шағымданыпты. Ауладан шыққан бүлдіршінге белгісіз біреулер қоқан лоққы көрсетпек боп, сес көрсетеді. Қатты қорыққан 10 жасар қыз үйіне қашып кетіп құтылған. Бұл туралы ОҚО ІІД-нің баспасөз қызметі мәлімдеді. Естеріңізге сала кетейік, өткен жұма күні қалалық мәслихат депутаты Нұрғазы Бұхарбаев облыс әкімі мен құқық қорғау органдарының басшыларынан өзін және отбасын қорғау туралы мәлімдеме жасаған болатын.

Салтанат Қаракөзова, ОҚО ІІД басқарма бастығы: «Бұхарбаев мырза БАҚ-да мәлімдеме жасаған соң ОҚО ІІД-не шағым түсірді. Депутаттың 10 жасар қызын ауладан белгісіз ер адам ұстап алып, өлтірмек болып, қорқытады. Қатты қорыққан қыз бала, үйіне қашып кетеді. Қазір бұл істің анық қанығы анықталып жатыр».