Оңтүстік ертеңін есірткісіз елестетеді

616
"Есірткісіз Оңтүстік"

 

"Есірткісіз Оңтүстік" акциясын
«Есірткісіз Оңтүстік» акциясын аға буын ашып, бастап берді. Халық ақыны Әселхан Қалыбекова өзінің ақ тілегімен қоса, жыр шумақтарымен де ел болашағының жарқын болатынына сенім білдірді.
Аты суық дертке қарсы акцияны эстрада жұлдыздары Әйгерім қалаубаева мен Айқын Төлепберген жүргізді. Жастармен жастарша тілдесуді жөн көрген олар, сценарий шартына қадалмай әзіл-қалжың араластыра сөйлеп, жастолқынның көңілін баурап алды.
Аты суық дертке қарсы акцияны эстрада жұлдыздары Әйгерім Қалаубаева мен Айқын Төлепберген жүргізді. Жастармен жастарша тілдесуді жөн көрген олар, сценарий шартына қадалмай әзіл-қалжың араластыра сөйлеп, жастолқынның көңілін баурап алды.
Шымқаланың тұрғындары маңызы мол шараға атсалысу үшін жиналған. "Шәмші әлемі" гүлзарында ине шаншырлық орын болмады. Тәртіп сақшылары әрбір қадамды бақылап отырды.
Шымқаланың тұрғындары маңызы мол шараға атсалысу үшін арнайы жиналған. «Шәмші әлемі» гүлзарында ине шаншырлық орын болмады. Тәртіп сақшылары іс-шараның әрбір барысын, қадамын бақылап отырды.
Содан соң, сахнаға әлемді мойындатқан Қазақстанның мақтанышы Олимпиаданың 2 дүркін чемпионы Илья Ильин
Содан соң, сахнаға әлемді мойындатқан Қазақстанның мақтанышы Олимпиаданың 2 дүркін чемпионы Илья Ильин көтеріліп, жұртшылықтың құрметіне бөленді. Батырлар арасынан алғаш сөз бастаған спортшы «Мен Сіздердің қолдау-демеулеріңіздің арқасында жеңістерге жеттім! Алғысымды білдіріп, бас иемін! Спортпен бір болайық» деді ағынан жарыла.
Көпшілік сахнадан көз алмай, орындарынан тапжылмай кешті тамашалап отырды.
Көпшілік сахнадан көз алмай, орындарынан тапжылмай кешті тамашалап отырды. Мұдай іс-шаралар жиі өтсе, нұр үстіне нұр болар еді. Жастар есірткіге жоламауы үшін, дейді олар.
Илья Ильиннен кейін сөз алған "Қазақстан барысы" атағының иегері Бейбіт Ыстыбаев сахна төріне көтеріліп, жастарға салауатты өмір салтын насихаттады.
Илья Ильиннен кейін сөз алған «Қазақстан барысы» атағының иегері Бейбіт Ыстыбаев сахна төріне көтеріліп, жастарға салауатты өмір салтын насихаттады.
"Шәмші әлемі" гүлзарына сыймаған халық, субұрқақтардың қоршауына отырып алды. Айта кетейік, өңірімізде 2862 нашақор есепке алынған. Олардың 2358-і есірткіге құл болған нашақорлыққа тәуелді жандар болса, 1646-сы героинмен әуестенгендер. Есірткіге еліккен әйел азаматтарының саны - 254. Өкініштісі сол сепете кәмелетке толмаған 8 жасөспірім бар.
«Шәмші әлемі» гүлзарына сыймаған халық, субұрқақтардың қоршауына отырып алды. Айта кетейік, өңірімізде 2862 нашақор есепке алынған. Олардың 2358-і есірткіге құл болған нашақорлыққа тәуелді жандар болса, 1646-сы героинмен әуестенгендер. Есірткіге еліккен әйел азаматтарының саны – 254. Өкініштісі сол есепте кәмелетке толмаған 8 жасөспірім бар.

 

"Сәт" троиосы да патриоттық әндермен бірге, сезімге толы лирикалық және заманауи "рэп" әндерін ұсынды
«Сәт» триосы патриоттық әндермен бірге, сезімге толы лирикалық және заманауи «рэп» әндерін ұсынды. Ән қоржынындағы жаңа туындыларымен осылай бөлісті өнер иелері.
Есірткіге бағытталған ауқымы кең шараға жастар да көп жиналды. Концерттен көз алмай, қол соғып, құрметпен тамашалап жүр.
Есірткіге бағытталған ауқымы кең шараға жастар да көп жиналды. Концерттен көз алмай, қол соғып, құрметпен тамашалап жүр.
Нүркен Жаппаров: "Мен салауатты өмір салтын ұстанамын. Бүгінгі кеш өте тамаша өтіп жатыр. Бұрындары тек теледидар арқылы көретін аға-әпкелерімізді көріп тәнті болып тұрмыз. Мен де солар сияқты биіктерден көрініп, елімнің болашағы жарқын болуы үшін үлесімді қосқым келеді".
Нүркен Жаппаров: «Мен салауатты өмір салтын ұстанамын. Бүгінгі кеш өте тамаша өтіп жатыр. Бұрындары тек теледидар арқылы көретін аға-әпкелерімізді көріп тәнті болып тұрмыз. Мен де солар сияқты биіктерден көрініп, елімнің болашағы жарқын болуы үшін үлесімді қосқым келеді».
Барша жұрт
Кеш қонақтарына есірткінің зияны мен келтірер қаупі турасында жазылған түсіндірме парақшалар таратылды. Баршасы таласып-тармасып, оқып жатыр. Олар да ел ертеңі жарқын болғанын қалайды.
Жас әнші Ақниет Олжа "Шәмші әлемі" гүлзарын әнімен әлдиледі. Шет тілінде де ән орындап, сахнаны жандандырды.
Жас әнші Ақниет Олжа «Шәмші әлемі» гүлзарын әнімен әлдиледі. Шет тілінде де ән орындап, сахнаны жандандырды.
Қала басшылығы
Кеш қонақтары өнерпаздарға дән риза. Олар салауатты өмірді ұстануға шақырудың бірден-бір жолы осы деп есептейді. Түсіндірме парақшаларын таратумен қатар, арнайы акция аясында ел алдында жүрген танымал адамдар арқылы да жарқын өмірдің мәнін ұқтыру маңызды екенін айтады ұйымдастырушылар.
Айқын Төлепберген
Айқын Төлепберген өзінің «сыйқырлы» галстугын әзіліне арқау етті. Айтуынша, галстук таққанда кеш жүргізушісі болады, ал шешкен кезде эстрада әншісіне айналады. Осылайша жастардың көңілін көтерген ол жеке репертураныдағы «Пах-пах», «Сезім» сынды әндерін орындады.
"Есірткісіз Оңтүстік"
«Есірткісіз Оңтүстік» акциясы аясында мәдени іс-шаралар ұйымдастырылып, шаһар тұрғындарын салауатты өмір салтына шақырды. Ұйымдастырушылар, жастар спорт және өнер адамдарын үлгі тұтып, оларға еліктейді деген үмітпен өткізіп отырмыз дейді. Кешті ары қарай, қазақ эстрадасының жұлдыздары, жерлестеріміз Қайрат Түнтеков, Сырым Исабаев, Қайрат Нұртас жалғастырды.