Шымкентте мерекелік флеш-моб өтті

406
4-маусым мемлекетті рәміздер күні
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күні мерекесі қарсаңында Шымкент қаласында мерекелік флеш-моб ұымдастырылды
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күні мерекесінде Шымкент қаласында флеш-моб ұымдастырылды

4-маусым мемлекеттік рәміздер күні. Осыған орай Шымкентте флэш-моб ұйымдастырылды.

Мемлекеттік Рәміздер күні мерекесіне арналған флеш-моб бастауын Орталық саябақтан алды. Мұнда аға буын өкілдері Мемлекеттік Ту мен Елтаңбасын Ауған соғысының ардагерлеріне табыстады. Шеру Қазыбек би көшесінде жалғасып, оның барысында рәміздер жастарға өтті. Еліміздің болашағы-өскелең ұрпақ еліміздің әнұранын Тәуелсіздік алаңына дейін әндетіп, рәміздерді барша насихаттады. Егеменді Қазақстанның ән ұраны да бұл жолы ерекше әуенмен шырқалды.

Еркеназ Айнақұлов, №36 бала бақшаның тәрбиеленушісі: «Қазақстанның Әнұранын алғашқы рет осындай іс шарада  шырқадым. Алдын қорқып едім, сөздерін ұмытып қаламын ба деп. Бірақ, қасымдағы үлкен ағаларымыз бен апаларымыз  қостады. Барлығы керемет болды. Мен өзімді бақытты сезіндім».

Ұрпақтар сабақтастығы қағидасы бойынша аға буын өкілдері жастарға туы мен елтаңбамызды табыс етті
Ұрпақтар сабақтастығы қағидасы бойынша аға буын өкілдері жастарға туы мен елтаңбамызды табыс етті

Биылғы дата көптің есінде қалары сөзсіз. Себебі мұндай шеру алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Флеш мобтың тәрбиелік мәні де орасан. Бұған өңірдің ардагерлері де дән разы болды.

Боранбек Шүкірбеков, Социалистік Еңбек Ері: Жастарды көріп, қатты қуандым. Олар біздің келешегіміз. Қандай мақтанышпен әнұранды шырқады. Тәуелсіздік оңай келмеді. Жастардың Отанын сүйіп, қорғауына осындай іс шаралар септігін тигізетіні анық.Сондықтан да көк байрағымызды асқақтатқан бастамалар көп болсын».

Баһадүр Нарымбетов, қала әкімінің орынбасары: «Мемлекеттік рәміздер күнін осылай тойлауды жөн көрдік. Мұндай шаралар әрбір қазақстандық азаматқа рух береді деген сенімдеміз. Жасасын, Қазақстан! Алға!»

4-маусым мемлекетті рәміздер күні
4-маусым мемлекетті рәміздер күні

Көк туымыз бен шаңырақ бейнесіндегі нұрын шашқан күн орныққан Елтаңбамыз бүкіл әлемге Қазақстан Республикасы аталатын жаңа тәуелсіз мемлекет бейнесін паш етуде.

Мемлекеттік рәміздерді насихаттау мақсатында флешмобқа қатысушылар қоғамдық көліктерге рәміздердің көрінісін жапсырып, әнұран мәтінін тұрғындарға таратты. Мемлекеттік рәміздер мемлекеттің мызғымас негіздерінің бірі.

 

 

 

 

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=_wBy9jPJnXI[/youtube]