«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасымен 63 отбасы баспаналы болды (ФОТО)

Олар бұл күнді ұзақ күтіп еді
Олар бұл күнді ұзақ күтіп еді
Олар бұл күнді ұзақ күтіп еді

Шымкентте 63 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілді. Нақтырақ айтсақ, бүгін оған 52 отбасы қоныстанды. Қалғандары енді көшіп келмек.

Мемлекет басшысының өз жолдауында берілген тапсырмасына сәйкес ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы әзірленіп ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілгені белгілі. Оның негізгі мақсаты болып жұмыспен тұрақты және нәтижелі қамтуға жәрдемдесу арқылы халықтың табысын арттыру, тиісінше өздігінше жұмыспен қамтылған, жұмыссыз және аз қамтылған азаматтарды жұмыспен қамту шараларының белсенді түрлеріне тарту арқылы жұмыссыздық және кедейлік деңгейін төмендету көзделген.

Бағдарламаның 3-ші «Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру» бағыты бойынша – экономикалық белсенді аймақтарға шалғайдағы перспективасы жоқ ауыл тұрғындарын және балалар үйінің тәрбиленушілерін, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды көшіріп, жұмысқа орналастыру көзделген. 2011-2012 жылдары Шымкент қаласында 480 отбасыға арналған 6 көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысын жүргізілді. Осы мақсатқа 2655,1 млн. теңге бөлініп, игерілген.

2012 жылдың 21 қарашасында құрылыс жұмыстары аяқталған №3 үйге 30 отбасы қонысын аударып (Арыс қаласынан 12, Түркістаннан 5, Созақ ауданынан 2, Шардарадан 2, Отырар ауданынан 9 отбасы қоныстандырылды), еңбекке жарамды азаматтары жұмыспен қамтылды.
Бүгінгі шара – «Жұмыспен қамту 2020» Бағдарламасының 3 бағыты «Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру» аясында Шымкент қаласының «Нұрсәт» шағын ауданында қоныс аударушыларға арналған 63 пәтерлік көпқабатты № 216 үйге қоныстандыруға арналған.

Бағдарлама аясында салынған үйге Отырар, Шардара аудандарынан, Арыс, Түркістан, Шымкент қалаларынан бағдарламамен қарастырылған санаттағы отбасыларға пәтерлердің кілттері табыс етілді.

Бүгінгі қоныстанып жатқан 63 пәтерлік № 216 үйде: 1 бөлмелік 18 пәтер, 2 бөлмелік 8 пәтер, 3 бөлмелік 21 пәтер тұрғындарға берілді.

Қоныс аударушылардың жаңа мекен жайында әлеуметтік және жұмыспен қамту мәселелері шешімін табуда. Көшіп келетіндердің мектеп жасындағы 68 оқушы балалары «Нұрсәт» мөлтек ауданындағы №80 орта мектепте оқитын болады, мектепке дейінгі жастағы 30 жасөспірім қалалық білім бөлімі арқылы қолданыстағы тәртіпке сәйкес балабақшаларға орналастырылады.
Еңбекке қабілеттілері Шымкент қаласының кәсіпорындары мен мекемелеріне жұмысқа тартылады, олар үшін бүгін бос жұмыс орындары дайын.

Атап айтқанда, «Гелиос» ЖШС-і, «Беркут -Мика» ЖШС-і, «Sodexo Kazakhstan» ЖШС-і, «Шымкент жол жөндеу шаруашылығы» ЖШС-і, т.б. кәсіпорындардан жұмыс орындары ұсынылды. Сонымен қатар, «Байтерек Л Б»ЖШС, «LTD Тұрмыс» ЖШС, «Зерде-Фито» ЖШС және «Отау-Строй»- ЖШС-ларымен 110 әлеуметтік жұмыс орындарын ашу туралы шарт түзіледі.

Қалған «Жұмыспен қамту 2020» Бағдарламасы шеңберінде салынып жатқан 4 көпқабатты тұрғын үйлер ағымдағы жылдың маусым-шілде айларында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

 

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=HhkAYZ3ifVc[/youtube]