Төрткүлде жол жаман

878
"Сақал сұраймын деп, мұртынан айырылған" төртүлдіктер

Жол жайы жақсара ма? Тоғыз жолдың торабындағы Төрткүл ауылының жолдары жиырма жылдан бері жөндеу көрмеген. Елдімекен көшелерімен көлік түгілі адам түзу жүріп өте алмайды.

Төрткүлдің бетке тұтар көшелерінің бірінің өзінде жеңіл емес, жүк көлігі абдырып, әрең жүреді. Өйткені, жолы ұзақ болу керек. Мұндай қотырмен көпке бара алмайтынына қорқатын секілді. Жергілікті тұрғындар жүргізушілердің уайымына ортақ. Себебі, мұнда автокөліктер күнара бұзылады екен.

Әбен Ергебеков, Төрткүл ауылының төбе биі: «Екі күнде бір сынады. Менің машинамның да бір жері сынған шығар. Осындай жолмен машина жүре ме?»

Жығылғанға жұдырық дегендей кеңестік кезеңнен жөндеу көрмеген ауыл ішіндегі жолдарды, жақында ауыз су тартамыз деп қазған. Қазылған жерді мердігер компания көміпте кеткен. Бірақ тегістеп жатуды жөн көрмепті. Енді міне төрткүлдіктер құдайдан мүйіз сұрап, сақалынан айрылған ешкінің кейпінде сезініп жүр өздерін.

Молда Әлішеров, Төрткүл ауылының тұрғыны: «Жолдың жартысын бұздыдағыны тас төсеген жоқ. Бетон жазықтар жасаған жоқ. Жолдың барлығы жарамайды. Сосын жаңағы құбыр тартты деп жатыр. Су түске дейін ақса, түстен кейін ақпайды.»

"Сақал сұраймын деп, мұртынан айырылған" төртүлдіктер
«Сақал сұраймын деп, мұртынан айырылған» төрткүлдіктер

Ал, ауыл халқының бұл мұқтажына жергілікті әкімдіктегілер қанық. Дегенмен бәрі бірден болмайды. Себебі, Төрткүл ауылдық округіның он елдімекенінде жүз бір көше бар. Оның барлағын бір жылда жөндеу мүмкін емес дейді олар.

Оразбек Төребеков, Төрткүл ауылы әкімінің орынбасары: «Үшеуі облыстық бюджеттен, үшеуі аудандық бюджеттен, біреуі он үшінші жылғы өңірлерді дамыту бадарламасы бойынша жеті көшенің аспальттау сметасы қаралып, аудандық, облыстық бөлімдерге беріліп қойды осы күнге шейін. Бүгінге шейін істелген жоқ жалпы құжаттар дайындалып өткізілген.

Десе де ағымдағы жылы сол жеті көшеге қаржы қаралғанымен жауапты мекемелер әлі күнге тендр ойнатпапты. Демек бұл жолдарды жөндеу жұмыстарының қашан бастау алатыны да белгісіз деген сөз.