Жетімдер баспанаға мұқтаж

Жетім балалар кезегі келгенше тізімнен алынбайды

Соңғы кездері жетім балаларды мемлекет тарапынан баспаналы ету мәселесі жиі көтерілетін болды. Себебі, жасөспірімдер үйінен шықан 23 жастағы азаматтар қайда барарын білмей дал болады. Осыны алға тартқан Шымкент қаласының мәслихат депутаттары бюджеттен қаражат бөліп, жетімдерге баспана салу қажеттігін алға тартып отыр.

Жетім балалар кезегі келгенше тізімнен алынбайды
Жетім балалар кезегі келгенше тізімнен алынбайды

«Жол картасы-2020» бағдарламасында 18 бен 23 жас аралығындағы балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету бағыты қаралған. Алайда, балалардың барлығын осынау бағдалама аясында баспаналы ету мүмкін емес. Сондықтан, облыс әкімінің тапсырмасымен 9 қабатты 72 пәтерлік екі үйдің құрылысы басталды. Жоспар бойынша пәтер биылғы жылдың желтоқсанында пайдалануға берілуі тиіс. Алайда, құрылыс толығымен қаржыландырылмай отыр. Ал үй кезегінде облыс бойынша 407 жетім жасөспірім тұр. Айта кетейік, Қазақстанда жетім балалар баспана кезегін өмір бойы күте алады. Еліміздегі жетім балалар 18 жасқа дейін жетімдер мен балалар үйінде тұрады. Олар тұрғын үйге кезекке тұрғаннан кейін, кезегі келгенше ол тізімнен алынбайды. Бізде негізінен жетім балалардың кезегі шамамен 10-20 жыл ішінде келеді. Айта кетейік, қазір елімізде 35 мыңға жуық жетім бала болса, оның 85,5 пайызы тұрғын үй кезегінде тұр.

Мақпал РЫСБАЕВА