Әкімдер еліміздің 17-миллионыншы тұрғынына ат мінгізді

424
Алтынбек 17-миллионыншы қазақстандық
Алтынбек 17-миллионыншы қазақстандық

Қазақстанның 17-миллионыншы тұрғыны Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданында туылғанын кешегі жаңалықтарымызда хабарлап едік. Бүгін жергілікті әкімдік өкілдері Қазақ топырағының он жеті миллионыншы тұрғыны – Алтынбекке ат мінгізді.

Мұрат Есқараұлы мен Гүлмира Арысбекқызының отбасында дүниеге келген шекесі торсықтай төртінші ұл – Қазақстанның 17 миллионыншы тұрғыны. Анасы үш ұлдан соң қыз бала тапсам деген тілегінің болғанын жасырмайды. Алдыңғы үш ағасына сүйеу боп туған сәби бүкіл елге қуаныш сыйларын сезбеппін де дейді қуанышты ана.

Есқара тегі Алтынбектің туғандағы салмағы 3 келі 670грамм болған. Бойы – 53 см. Әулеттің үлкендері «Алтынбек» деп атын азан шақырып қойды. Жолдасбеков секілді, ғылым білімге жаны үйір болсын деген ата-ана үміті жатыр мұнда.

Облыс әкімінің атынан Алтынбекке ат мінгізілді. Ал жергілікті әкімдер кішкентайға алғашқы көлігін, қоларба сыйлады.

Не десек те, 17-миллионыншы ел тұрғыны Оңтүстіктің топырағында туылуы тегін емес. Жұрт осылай жақсылыққа жорып жүр. Ағайын, туыс, әулетін ғана емес, бүкіл елді қуанышқа бөлеген бөбекке атасы да ақ батасын аяған жоқ.

Алтынбек 17-миллионыншы қазақстандық
17-миллионыншы қазақстандық – осы сәби
Алтынбек анасы және бауырларымен
Барлығының Алтынбек дегенде шығар жаны бөлек
Алтынбекке құтты болсын айтып келген ағайындар
Қуанышты әулетке «Алтынбектің бауы берік болсын!» айтып келіп жатқан ағайындар
Алтынбектің дүниеге келген шаңырағы
Алтынбектің дүниеге келген шаңырағы
Ағайындар облыс әкімі А.Мырзахметовтің алғыс хатын оқуы
Апа-әжелері облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің алғыс хатын оқып тұр
Алтынбекке тарту етілген Сайрам ауданы әкімнің аты
Алтынбекке тарту етілген Сайрам ауданы әкімінің сыйы

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=BjRaPAHoha0[/youtube]