17-ші миллионыншы қазақстандық — Оңтүстікте!

717
Осылайша 11 миллионыншы қазақ біздің облыста дүниеге келіп отыр
Осыдан 2 ай бұрын 11 миллионыншы қазақ біздің облыста дүниеге келген болатын
Осылайша 11 миллионыншы қазақ біздің облыста дүниеге келіп отыр
Осыдан 2 ай бұрын 11 миллионыншы қазақ біздің облыста дүниеге келген болатын

Еліміздің 17-миллионыншы азаматы Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданында дүниеге келді. Cонымен, ресми түрде Қазақстан халқының саны 17 млн. болды.

Бүгін 11-шілде ДҮНИЕЖҮЗІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ күні. бұл дата 1987 жылдан бастап атап өтіледі. Сол жылы 11 шілдеде демографтарының есебі бойынша жердің бес миллиардыншы тұрғыны дүниеге келді. 2001 жылғы мәлімет бойынша жер тұрғындары 1,1 млрд. адамға көбейген. Ал сарапшылардың болжамдарына қарағанда, соңғы 45 жыл ішінде адам саны 9 миллиардқа дейін артуы мүмкін.

Еліміздің демографтарының мәліметіне сүйенсек, Қазақстан халқының саны 17 млн-нан асты. Жақында мақтанышпен жеткізгеніміздей 11-млн-шы қазақ облысымыздағы Қазығұрт ауданында дүниеге келген болатын. Жалпы оңтүстік өңірінде жылына 75 мыңнан астам сәби туылады.  

ОҚО әкімдігі баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 17-миллионыншы тұрғынның туған күнін анықтау барлық демографиялық жағдайларды есепке ала отырып жүзеге асырылды: халық санының өсу (туулар мен иммиграция) және кему (өлімдер мен эмиграция) компоненттері; нәтижесінде 2013 жылдың 15 мамырының аяғында елде 16 999 334 адам тұратындығы анықталды. Ағымдағы жылдың 16 мамырында АХАТ органдарында 1 904 туған нәрестелер мен 579 өлгендер тіркелген, сонымен қатар көші-қон полиция қызметімен республикада 95 иммигранттар және 80 эмигранттар тіркелген. Нәтижесінде ағымдағы жылдың 16 мамырында Қазақстан халқының саны 1 340 адамға өсіп, 17 000 674 адамға жетті. 2013 жылдың 16 мамырында тіркелген және тіркеу күніне мейлінше жақын туған нәрестелердің арасында елдің 17-миллионшы тұрғыны болуы мүмкін еді. Сонымен бірге, бірнеше сәбилердің туған күндері бірдей болған жағдайда артықшылық туу кезектілік реті жоғары нәрестеге беріледі.

Елдің 17-миллионыншы тұрғыны мәртебесін анықтау мақсатында Агенттік «Халықтың табиғи қозғалысы» дерекқорында, оның ішінде жалпы республика бойынша туу туралы азаматтық хал актілерінің екінші данасының негізінде қалыптастырылған туу дерекқорында 2013 жылдың 16 мамырында АХАТ органдарында тіркелген нәрестелердің арасынан аналарының тұрғылықты жеріне, білім деңгейі мен кәсіп түріне, сонымен қатар нәрестенің жынысы, салмағы мен бойының ұзындығына қарамастан іздеу жұмыстарын жүргізді.

Еліміздің 17-миллионыншы тұрғыны ретінде жоғарыда аталған критерилер бойынша 2013 жылдың 15 мамырында Астана уақытымен сағат 23:10-да туған ұл бала анықталды. Сәбидің туғанда салмағы — 3670 граммды, ал бойы – 53 см. құрады.

Сәбиге Алтынбек есімі және Есқара тегі беріліп, 2013 жылдың 16 мамырында Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам аудандық АХАТ органында тіркелді.

Нәрестенің ата-анасы Сайрам ауданының Таскен ауылының, Тассай селолық округінде тұрады: анасы – Сапарбаева Гүлмира Арысбекқызы, 1981 ж.т., мұғалім, әкесі – Өміш Мұрат Есқараұлы, 1975 ж.т., жеке үй шаруашылығында жұмыс істейді.

Естеріңізге сала кетейік, 11 миллионыншы қазақта оңтүстікте дүниеге келді.