Депутат сайлаушыларын сотқа берді

Әбдіраман Тұрмағанбетов қорғаушысымен бірге
Әбдіраман Тұрмағанбетов қорғаушысымен бірге
Әбдіраман Тұрмағанбетов қорғаушысымен бірге

Депутат сайлаушыларын сотқа берді. Ордабасы ауданы Шұбарсу ауылынан сайланған халық қалаулысы Әбдіраман Тұрмағанбетов бүгін ауылдастарымен сот алдында кездесті. Айтуынша, 10 шақты тұрғын Шымкенттегі басылымдардің біріне Тұрмағанбетовтың ар-намысын таптайтын негізсіз сұқбат берген. Енді беделіме нұқсан келді, деген халық қалаулысы сайлаушыларынан моральдық шығын өндіруді соттан сұрап отыр.

Ашық өтеді деген сот отырысына тілшілер жіберілген жоқ. Отырыстың бітуін күттік, амалсыз…

Отырыс бітті. Алдымен, асыққанымыз жауапкер ретінде сот залына келген қарапайым тұрғындардың пікірін тыңдау еді. Бірақ, мардымды жауап ала алмадық.

Ал, арызданушы даудың басы – депутаттық мандатқа таластан туды, – дейді. Әбдіраман Тұрмағанбетовтың айтуынша, Шұбарсу ауылының бір топ тұрғыны жергілікті газеттерге депутатты қаралаған бірнеше мақала жазған. Осылайша, халыққа қызмет етемін деп басы дауға қалған депутатсоңғы уақытта өз сайлаушыларынан сескене бастапты.

Әбдіраман Тұрмағанбетов, Ордабасы аудандық мәслихатының депутаты: «Қазірше, қастандық жасаған жоқ. Мен бірақ ел арасынан сыпсың-сыпсың әңгімелерді естимін. Осы кісіні тамаққа шақырып, жаңағыдай отравленный таблеткалар берсек, өзінен -өзі кетеді деген сыпсың- сыпсың әңгімелер жетіп тұрады.
-Сізді шақырып тұрады ма асқа?
– Асқа шақырып тұрады. Мен астарына бармай жүрмін. Қазір ешқандай асқа бармаймын. Бірақ мен өзімді-өзім бала-шағамды қорғау үшін ауданлық ішкі істеріне беріп қойғам қауіпсіздікпен қамтамасыз ету үшін».

Сондықтан сотқа арызданған депутат өзі туралы жел сөз айтқандар кешірім сұраса болғаны соттан арызын қайтып алмақ. Келесі сот отырысы 16 шілдеде болады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=54wx0Zy0HJs[/youtube]