Тәртіп бұзғандардың көліктері ақылы тұраққа жеткізіледі

437
Ереже бұзған азаматтың көлігі эвакуаторға тиеліп жатыр

Тыйым салынған жерге қойып кеткен көлігіңіз ақылы айып тұрағына жеткізіледі! Жол полициясының қызметкерлері қала көшелерінде тәртіп орнатуға көшті. Олар ең алдымен рұқсат етілмеген орындарды көліктерден тазаламақ.

Ереже бұзған азаматтың көлігі эвакуаторға тиеліп жатыр
Ереже бұзған азаматтың көлігі эвакуаторға тиеліп жатыр

Шымкенттегі көлікті қойып кетуге болмайтын орындардың бірі — Байтұрсынов көшесі мен Тәуке хан даңғылының қиылысы. Осындағы заңсыз ұялы телефон сатушылармен күресіп, әрең тазалап бітуге айналған полицейлер енді көліктердің көзін құртуға кірісті. Бұл жолғы рейдте мына ВАЗ көлігі эвакуаторға тиеліп, ақылы айып тұрағына жөнелтілді.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=y1JJtDCkuH4[/youtube]

Ереже бұзған жүргізуші өзінің көлігін іздеп, ақылы айып тұрағына келді. Ал жол полицейлері ВАЗ көлігінің иесінің үстінен әкімшілік хаттама толтырып, заңды бұзғаны үшін айыппұл кесіп берді.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, бір аптаның ішінде 20-дан астам көлік ақылы тұраққа жеткізілген
Тәртіп сақшыларының мәліметінше, бір аптаның ішінде 20-дан астам көлік ақылы тұраққа жеткізілген

Тәртіп сақшылары мұндай рейд алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасады деп сендіріп отыр. Айтуларынша, 1 аптаның ішінде 20-дан астам көлік ақылы айып тұрағына жеткізілген. Сол үшін тәртіп сақшылары жүргізушілерден жол жүру ережелерін бұзбауды тағы да сұранады.

Апатқа ұшыраған көлік
Апатқа ұшыраған көлік