Шымкенттегі жол апатынан жүргізуші мерт болды

228
Оқиға орнына адамдар көп жиналып қалды

11-тамыз күні Шымкентте соңы қайғылы аяқталған жол апаты орын алды. Түнгі сағат ондар шамасында «Қайтпас – 2» шағынауданында автобус пен жеңіл көлік соғысып қалған. Соның салдарынан Фольксваген Пассат көлігінің жүргізушісі жол апаты болған жерде мерт болды.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=h3C7_KLRsq4[/youtube]

Осы қайғылы жағдай туралы суыт хабар алған құтқару жасағаның мамандары оқиға орнына лезде жеткен. Олар келе сала опат болған жеңіл көлік жүргізушісінің денесін мыжылып қалған көліктің ішінен арнайы құралдың көмегімен шығаруға мәжбүр болды. Анық болғандай, № 17 бағыттағы автобустың ішінде бірнеше жолаушы болған. Олардың арасынан жарақат алғандары да бар.

Оқиға орнына адамдар көп жиналып қалды
Оқиға орнына адамдар көп жиналып қалды

Алдын ала болжамға сәйкес, жеңіл көліктің жүргізушісі жолдың қарсы бағытына шығып кеткен болуы мүмкін. Қазір анықтаушылар осы қайғылы жағдайдың толық себеп-салдарын тексеру үстінде.