Жаңа әкімшілік орталығының құрылысы қарқын алды

428
құрылыс барысы

Бір айдан астам уақыт тұралап қалған Шымкенттің жаңа әкімшілік орталығының құрылысы қайта жанданды. Алдағы уақытта әр жерде орналасқан облыстық басқармалар бір ғимаратқа жиналып, халыққа тиімді қызмет көрсетпек. Бірақ биыл емес. Жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтың құрылысы келер жылы жоспарға сәйкес аяқталса, оңтүстікқазақстандықтар  басқарма мен бастықты іздеп, сандалмайтын болады.

құрылыс барысы
құрылыс барысы

Құрылысы былтыр басталған аймақта облыстық әкімшілік ғимаратының жұмысы қаңтарылып қалған. Іргетасы шілде айында қалануы керек болатын. Алайда жобасын жасаған Гео-проект компаниясы кемшіліктер жіберіпті. Өйткені оған берілген тапсырма дұрыс болмаған,- дейді техникалық бақылаушы.

Cұлтанбек Сүгірбаев, облыстық құрылыс жөніндегі штаб төрағасының орынбасары: «Жобалаушы мекеме жіберген кемшіліктерін қайта жобалауға тура келді де, біраз нарсе тоқатап қалды. 1-2 ай тоқтауға тура келді. Фундамент жұмыстарына көзімізді жұмып өткізіп жіберсек, ертең ауыр жағдайға соқтыруы мүмкін. Сол себепті бәрін талдадық. Жіберген кемшіліктерін орнына келтірдік.Енді қазір толығымен жұмыс жүріп жатыр».

орталықта бес бірдей мердігер жұмыс істейді
орталықта бес бірдей мердігер жұмыс істейді

Ал мынау 2000 орынға лайықталған  «Түркістан» конгерсс холының құрылысы. «Сити-Строй» корпорациясы ғимаратты тұрғызу үшін күні-түні демалмай жұмыс жасайды.

Талғат Алимбетов, «Сити-Строй» корпорацияның өкілі: «Біздің жоба осы аумақтағы ең ауыр әрі қызық жоба. Сәл қателік кетсе, қайта қалпына келтіру мүмкін емес. Сол үшін іргетасын қалағаннан бастап, қатаң қадағалаудамыз. Жұмыстың барысын бақылап отырмын».

Аумағы 364 гектар жерді алып жатқан орталықта облыс әкімдігі мен мәслихаты, кітапхана, облыстың орыс драма театры, «Түркістан» конгресс холы және шаруашылық көрме залы салынып жатыр. Болашақта 5000 адамдық орталық мешіт орналасатын да болады. Қаланың бас сәулетшісі әрбір жоба жан-жақты талқылаудан өткен дейді.

жоба
жоба

Нұрлан Архабаев, қалалық сәулет және құрылыс бөлімінің басшысы: «Бұл нысандардың сырт келбеті оңтүстіктің пішіні берілген, элементтері бар сондай тұрғыдан жасалады. Сырт келбеті, сәулеттік жағынан облыс орталығына көрік беретіндей ғимараттар болады».

Ал биыл күзде орыс драма театры мен бірыңғайландырылған облыстық кітапхананың құрылысы аяқталады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=tFJsFKcmKZU[/youtube]