Жантүршігерлік қылмыстың жаңа мәліметтері белгілі болды

290
Шұғыл түсірілім

Шымкенттегі жан түршігерлік қылмысқа қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды. Жергілікті екі тұрғын 20 жастағы қызды жыныстық қатынасқа мәжбүрлеп, өлтірген болатын.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=q7sSD_Z1fVQ[/youtube]

Күдіктілердің бірі жас қызды қалай буындырып өлтіргенін көрсетуде. Айтуынша, сол күні танысқан қызды кешке осы үйге әкеліп, жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген. Оған көнбей, қарсылық көрсеткен қыз қашып кетпек болады. Алайда екі жігіт аулада қуып жетіп, жабыла кетеді. Сөйтіп, сыммен қылғындырып өлтіріпті. Одан кейін қаланың шетіне апарып көміп тастаған. Еске сала кетейік, ұсталғандардың бірі Шымкентте әскери бөлімде инженер-техник болып жұмыс істейді. Қазір олардың ісін әскери гарнизон тергеп жатыр.

Шұғыл түсірілім
Шұғыл түсірілім