Жерді тиімді пайдалану керек

Актив жиналысын қорытындылаған облыс әкімі А.Мырзахметов «Бірінші кезекте өндіріс, экономика, ауылшаруашылығы дамытылсын» - дей келіп, ауданда өнеркәсіп салаларына назар аудару, ауылшаруашылығында ең тиімді бағыттарға басымдық беру

Ауданға жасаған іссапары барысында облыс әкімі А.Мырзахметов осыны қадап айтты. Айтпақшы ол аудан тынысымен танысуды Боралдай ауыл атырабындағы Жыланды, Ақбастау округінің орталығында жұртшылықпен кездесуден бастады. Тұрғындардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы, ауылдарды жан-жақты дамытудың жолдары, білім беру, мәдениет орындарының бүгінгі талапқа сай жайларымен қамтамасыз етілуі сияқты өзекті мәселелер туралы пікірлесті.

Актив жиналысын қорытындылаған облыс әкімі А.Мырзахметов «Бірінші кезекте өндіріс, экономика, ауылшаруашылығы дамытылсын» - дей келіп, ауданда өнеркәсіп салаларына назар аудару, ауылшаруашылығында ең тиімді бағыттарға басымдық беру
Актив жиналысын қорытындылаған облыс әкімі А.Мырзахметов «Бірінші кезекте өндіріс, экономика, ауылшаруашылығы дамытылсын» – дей келіп, ауданда өнеркәсіп салаларына назар аудару, ауылшаруашылығында ең тиімді бағыттарға басымдық беру

Алғабас ауыл аймағының Шаян-Мыңбұлақ жолының екі қапталына өсірілген пісте алқабына тоқталып, шаруашылық барысымен мұқият танысты. Ауылшаруашылығы саласының жай-күйін Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары Т.Дәрменбаев баяндап өтті. Бұдан соң облыс басшысы «Қапшағай» су қоймасында болып, осы су көзі арқылы суармалы алқапты молайту мүмкіндігін талдады. Шаян ауылындағы Аппақ Ишан мұражайында, «Бәйдібек-несие» мекемесінде және «Кәсіп-керлерге қызмет көрсету орталығының» аудандық өкілдігінде болып, жұмыс барысымен танысты.

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен жиында Бәйдібек ауданының әкімі Ә.Көбеев бірінші жартыжылдықтың қорытындысы және 2013-2015 жылдарға белгіленген басты мәселелер туралы тұжырымды да тиянақты баяндама жасады.

Облыс әкімдігі аппарат басшысының орынбасары С.Тұрсынбаевтың хабарламасында ауданның барлық салаларына қатысты өзекті мәселелер сөз болды. Актив жиналысын қорытындылаған облыс әкімі А.Мырзахметов «Бірінші кезекте өндіріс, экономика, ауылшаруашылығы дамытылсын» – дей келіп, ауданда өнеркәсіп салаларына назар аудару, ауылшаруашылығында ең тиімді бағыттарға басымдық беру, мысалы, биыл қолға алынған пісте дақылын өсіруді ірілендіру ісін одан әрі дамыту, аудан әкімінің бастамасымен қолға алынып жатқан типтік мектептерден дарын сыныптарын ашу тәжірибесін облыс көлемінде тарату мүмкіндіктерін қарастыру, «Бәйдібек -несие» серіктестігінің басшысы Ә.Шардарбековтің басқару әдісін басқа аудандарға үлгі ету жолдарын іске қосу, ауыл әкімдіктерінің жауапкершілігін арттыру, оларға қатаң талап қою, «Бизнестің жол картасы» индустрияландыру аймағы, «Сыбаға» бағдарламасын жүйелі іске қосу, жерді тиімді пайдалану сияқты өзекті мәселелерді шешуді басты міндет етіп қойды.

Бағлан БАЛТАЕВ