Зияткерлік мектепке резерв қажет

921
Назарбаев зияткерлік мектебі
Назарбаев зияткерлік мектебі
Назарбаев зияткерлік мектебі

Ата-аналардың талабы орынсыз. Мектепке оқушылар резерві қажет деп есептейді зияткерлік мектебінің басшылығы. Естеріңізге салсақ, Назарбаев зияткерлік мектебіне оқуға тапсырған оқушылардың ата-аналары резервте тұрудан шаршадық деп баспасөз конференция ұйымдастырған еді. Онда жиналған қауым Республикалық «Өркен» грантын бөлу туралы комиссия шешімін қайта қарауын талап еткен болатын.

Алыстан мен мұндалап тұрған қызыл ала оқу орнында оңтүстіктің дарынды да талапты оқушылары білім алуға дәмелі еді. Бірақ, ол мәртебе жүзден жүйрік шыққан 124 балаға бұйырған. Жалпы, биыл бір мектептің өзінде 523 бала оқиды. Ал біздің өңірімізде екі «Назарбаев зияткерлік мектепбі» салынған. Сынақта тиісті балл жинай алмаған балалардың ата-ананың «қазақ тілді тіліпкерлерге мемлекеттік «Өркен» білім грантының санын көбейтсе» деген базынасы бар.

Назира Әбіраева, ата-аналар комитетінің мүшесі: «Президент естісе, біздің дарынды, талапты балаларымызға тағы да 200 грант бөледі деп ойлаймыз. Бұл балалар біздің болашағымыз. Қызылорда да осындай жағдай. Өйткенні қазақ көп 80 процент. Орыс тобында оқитын қазақ балалары көп. Мүмкін 70 пайызы қазақ балалары түскен шығар орыс тобында оқитын. Бірақ біз қазақ тілі, ана тілінде оқитындар жайлы айтып отырмыз».

Осылай деп ашынған 40-қа жуық шымкенттік ата-ана бас қосып, баспасөзге ойын ашық айтты. Мектепке бөлінген грант мәселесін қайта қарауды талап екткен ата-ана аз емеспіз қазірдің өзінде 500-дейміз,- дейді. Олардың мәлімдеуінше, орыс бөліміне тапсырған оқушылардың 85,7 пайызы грантқа ие болса, олардан 4-5 есе көп қазақ тіліне тапсырған оқушылардың 19,7 пайызы ғана Зияткерлік мектепте оқуға мүмкіндік алған.

Балқан Қасымов, Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры: «Қайта қаралмайды. Өйткені, олар мектепке сыймайды. Келер жылы да бала алуым керек. Дәл осылай 7-сыныпқа. Сонда оларға не деймін? Мектеп 720 балаға арналған. Әлі 2 жыл бала қабылдаймын».

Зияткерлік мектептен үмітті ата-аналар білім және ғылым министрлігініне ашық хат жолдапты. Ата-аналар наразылардан қол жинауға кірісті.

Ал осы кезде мектепте ұстаздар іріктеліп жатыр. Әзірге бос орын саны 20 дай. Оның көбі орыс сыныптарына мұғалімдік мамандығы.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=wpfd1on4tOo[/youtube]