Аналар ардақталды

А бай ауданында 2560 ана тұрады. Олардың 1128-і «Алтын алқа» тағынса, 1526-ы «Күміс алқа» иегері
А бай ауданында 2560 ана тұрады. Олардың 1128-і «Алтын алқа» тағынса, 1526-ы «Күміс алқа» иегері
А бай ауданында 2560 ана тұрады. Олардың 1128-і «Алтын алқа» тағынса, 1526-ы «Күміс алқа» иегері

Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі Ахмет Татыбаев ауданда тұратын көпбалалы аналарды ардақтауға көп көңіл бөліп келеді. Жуырда солардың бірқатарына үкіметтік награда «Алтын алқа» мен «Күміс алқаны» салтанатты түрде табыс етті.

Ал, кешегі аптада өткен салтанатты іс-шарада тағы да  12 ана алтын, күміс алқа  тағынды
Ал, кешегі аптада өткен салтанатты іс-шарада тағы да 12 ана алтын, күміс алқа тағынды

А бай ауданында 2560 ана тұрады. Олардың 1128-і «Алтын алқа» тағынса, 1526-ы «Күміс алқа» иегері. Ал, кешегі аптада өткен салтанатты іс-шарада тағы да 12 ана алтын, күміс алқа тағынды. Аналарға ауданда ерекше көңіл бөлінетіндігінің айғағы болар, мұндай салтанатты іс-шара биыл бесінші рет ұйымдастырылып отыр. Осылайша, жыл басынан бері аудандағы 133 ана лайықты марапаттауға ие болған. Оның 24-і «Алтын алқа», 109-ы «Күміс алқа» иегері. Демографиялық ахуалға оң ықпал етіп келген алтын құрсақты аналарға қандай құрмет көрсетілсе де лайықты екені даусыз. Олай болса Абай аудандық әкімдігінің ұйымдастырып отырған игі-шарасы өзгелерге үлгі боларлық.