Демалыс күндері Оңтүстікте 30 жол апаты тіркелді

185
Фотосурет мұрағаттан алынды

Демалыс күндері Оңтүстік Қазақстан облысында 30 жол апаты тіркелді. Соның салдарынан 5 адам қаза тауып, 38-і әртүрлі деңгейде жарақаттанды. Жол-көлік оқиғаларының жартысына жуығы облыс орталығы – Шымкентте орын алған.

Фотосурет мұрағаттан алынды
Фотосурет мұрағаттан алынды

Қалада тіркелген 19 жол апатында 1 адам қаза тауып, 26-сы жарақаттанды. Жол полициясы қызметкерлерінің дерегіне сүйенсек, бұл күндері еліміздің өзге де өңірлерінде жол-көлік оқиғалары көптеп тіркелген.  Мәселен, Жамбыл облысының Қордай ауданында екі автокөлік соқтығысып, бір адам мерт болды және алтауы зардап шекті. Сондай-ақ, Алматы-Ташкент тасжолында Алматыға қарай бағыт алған «Ниссан-Премьера» автокөлігі қарсы беттегі жолға шығып кетіп, «Тойота-Камри» машинасымен соқтығысқан. Апат салдарынан «Ниссан-Премьера» көлігінің 30 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Ал Ақтөбе облысының аумағында «Мерседес» маркалы жолаушылар автобусы аударылып кетті. Салонда жүз шақты адам болған. Олардың барлығы – Өзбекстан азаматтары. Онға жуық адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.