Футболшы қыздар Әлем чемпионатының жолдамасы үшін доп тебеді

402
Ұлттық құраманың 70 пайызын шымкенттік бойжеткендер құрайды

Қазақстанның футболдан қыздар құрамасы қыркүйектің 14-ші жұлдызында Шымкентте жиналады. Оқу-жаттығу жиынына еліміздің үздік аяқдопшылары шақырылған. айта кету керек, ұлттық құраманың 70 пайызын шымкенттік футболшылар құрайды. Олар 2015 жылы Канадада өтетін Әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде жеңіске жету үшін жасыл алаңға шықпақ.

Ұлттық құраманың 70 пайызын шымкенттік бойжеткендер құрайды
Ұлттық құраманың 70 пайызын шымкенттік бойжеткендер құрайды

Биылғы доданың алғашқы сынағы «Астана-аренада» өтеді деп жоспарланған. Іріктеу кезеңнін өзінде отандастарымыз азулы командалармен бақ сынасатын болады.  Мәселен, қыркүйектің ішінде Қазақстанмен кездесететін Финляндия және Франция құрамалары өткен Әлем чемпионатында финалға дейін жеткен болатын.

Бұл жолғы Әлем чемпионатына іріктеуде әрқайсысы 6 командадан 7 топ құрылды. Қазақстандық бойжеткендер соңғы жетінші топқа түсіп, енді үстіміздегі жылдың 21-қыркүйегінен бастап келесі жылдың 17-қыркүйегіне дейін 5 командамен іріктеу кезеңінен шығу үшін тартысады. Біздің топта  Франция, Финляндия, Австрия, Венгрия және Болгария құрамалары бар. Осы топта жеңімпаз атанған құрама 2015 жылы өтетін Әлем чемпионатының ақтық сынына берілетін тікелей жолдамаға ие болады. Ал екінші орын алған футболшылардың ең үздігі турнирдің плей-офф кезеңінде ала допты қуалауға құқылы.

Ұлттық құрамалар арасындағы кездесулер кестесі:

Қазақстан – Финляндия – 21.09.2013

Қазақстан – Франция – 25.09.2013

Болгария – Қазақстан – 26.10.2013

Финляндия – Қазақстан – 31.10.2013

Венгрия – Қазақстан – 23.11.2013