Тұрғын үй көмегін қалай алуға болады?

«Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға ақы төлеу үшін»
«Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға ақы төлеу үшін»
«Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға ақы төлеу үшін»

«Қазақстан Республикасының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасында былай делінген: «Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға ақы төлеу үшін» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекiтiлген Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiне сәйкес тұрғын үй көмегі көрсетіледі».

Тұрғын үй көмегi жергілікті бюджет қаражаты есебінен осы елді мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):

1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға;

2) тұрғын үйдің меншік иелерінің немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушыларының) отбасыларына (азаматтарына) коммуналдық қызметтерді тұтынуға;

3) байланыс саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне;

4) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге беріледі;

Тұрғын үй көмегі аз қамтамасыз етілген отбасыларға, егер тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерге төлем шығындары және тұтыну түбіртектері отбасының жиынтық табысының 10%-ынан жоғары болған жағдайда ақшалай өтем түрінде төленеді.

Тұрғын үй көмегін алуға арналған құжаттар тізбесі:

Тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн отбасы (азамат) тұрғын үй көмегiн тағайындауды жүзеге асыратын уәкiлеттi органға өтiнiш бередi және мынадай құжаттарды ұсынады:

1) өтiнiш берушiнiң жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

2) тұрғын үйге құқық беретiн құжаттың көшiрмесi;

3) азаматтарды тiркеу кiтабының көшiрмесi;

4) отбасының (азаматтың) табысын растайтын құжаттар;

5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;

6) коммуналдық қызметтердi тұтыну шоттары;

7) телекоммуникация қызметтерi үшiн түбiртек-шот немесе байланыс қызметтерiн көрсетуге арналған шарттың көшiрмесi;

8) тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жергiлiктi атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшерi туралы шотты тапсырады.

Құжаттарды тапсырған айдан бастап, бір жылдық мерзімге рәсімделеді, кейіннен әр 3 ай сайын табыстар туралы анықтамалар мен тұрғын үй-коммуналдық қызметтер үшін төленген түбіртектердің көшірмелері беріліп отырады.

Қандай жағдайда тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады?

Жеке меншігінде біреуден артық тұрғын үйі (пәтері) бар тұлғалар, немесе тұрғын үйді (пәтерді) жалға берушілер тұрғын үй көмегін алу құқығын жоғалтады.

Күләш Жақашева, Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі

Біздің мекенжайымыз: 

Төле би көшесі, №21, 11-кабинет. 2-қабат.