«Болашақ» халықаралық білім беру орталығы

"Болашақ" халықаралық білім беру орталығына 1 жыл

Ойындар! Сыйлықтар! Қуанышты балалық шақ! Осындай қызықты сыйлаған «Болашақ» халықаралық білім беру орталығының ашылғанына 1 жылдың көлемі болса да алдыңғы қатарлы мектеп қабырғаларына оқушылар дайындайтын білім ордасы жастарға арнап флешмоб ұйымдастырды.

"Болашақ" халықаралық  білім беру орталығына 1 жыл
«Болашақ» халықаралық білім беру орталығына 1 жыл

Шара барысында білім беру орталығының тегін оқу сертификаттары ойнатылды. Оқушылар берілген сұрақтарға жауап беру арқылы және өздерінің өнерін көрсетуімен жеңіске жетті. Білімді ұрпақты тәпбиелеуді жақсылап қолға алған дайындық орталығы осындай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады деп отыр. Себебі, білімді ұрпақ – сенімді болашақ кепілі.