Шымкентте түн кезіп жүрген жасөспірімдер ұсталды (видео)

442
Анықталған жеткіншек полиция бөліміне жеткізілді

Шымкентте тәртіп сақшыларының қатысуымен рейд ұйымдастырылды. Оған Еңбекші ауданының әкімдігі мұрындық болған. Ювеналды полиция қызметкерлері мен әкімдік мамандары, мұғалімдер түнгі сағат 22:00-ден кейін ойынханалар мен көлік жуу орындарын тексерді.

Анықталған жеткіншек полиция бөліміне жеткізілді
Анықталған жеткіншек полиция бөліміне жеткізілді

Мұндағы мақсат – ойын-сауық орталықтарында ересектердің қарауынсыз жүрген жасөспірімдерді анықтау болатын. Ә дегеннен ойынханада отырған жасөспірімдер табылып, ата-аналары шақыртылады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=KDbH0sD7t0g[/youtube]

Рейд кезінде бұған қоса букмекерлік орталықта жүрген жеткіншек табылды. Анықталған оқушылардың барлығының құжаты жоқ. Сондықтан жеке басын анықтау үшін полиция бөліміне жеткізілді.