«Таза сессия» студенттерге көмектеспей жатыр

526
Шымкентте 106 мың студент бар

Шымкенттегі «Студенттер Альянсының» өкілдері студенттермен ашық түрде әңгімелесу үшін бұл жолы жоғарғы оқу орындарына арнайы баруды жөн көрді. Студенттердің құқығын қорғайтын қор «Таза сессия» тақырыбында сауалнама жүргізді. Ашық түрде өрбіген шарада жастардың есімі көрсетілмейді, тек жауабы мен ұсыныстары жазылады екен. Бір қызығы сессия кезінде өз мамандығы – «Мемлекеттік жергілікті басқару» бойынша «бестік» баға алатын 3-курс студенттері әлі күнге ауыл әкімддігіне сайлауға түсетіндерге қойылатын талаптан мүлдем бейхабар. Тіпті, жас ерекшелігін де айтып бере алмады.

Шымкентте 106 мың студент бар
Шымкентте 106 мың студент бар

Бағдаулет Омаров, студент: «Менің ойымша, ауыл әкімдігіне сайлауға түсу үшін азамат 21 немесе 23 жаста болуы керек. Ал Оңтүстік Қазақстан облысында қанша аудан бар екенін білмейді екенмін.»

Жәзира Садырбаева, студент: «Жауапты үйден жаттап келеміз, сөйтіп, компьютерде тест жауаптарын белгілейміз. Ал «Шымкент студенттер Альянсы» бұрын бізге келген емес, бірініш рет келіп тұр.»

Өкініштісі, «Таза сессияның» нәтижесі әзірге осы болып тұр. Ал бүгінге дейін сессияда бағаны еншілеген студенттер өздерінің мүддесін қорғауы тиіс «Студенттер Альянсы» қорының өзі түгілі көлеңкесін де көрмепті. Айтуларынша, мұндай сауалнама да алғаш рет жүргізіліп отыр. Ал Оңтүстікте 7 жылдан бері жұмыс жасап келеміз деген аталған қордың  өкілдері мұндай пікірдің қалыптасуына жекеменшік ЖОО-ның басшылығын кінәлады.

Мағжан Исахов жекеменшік ЖОО-дары жауапкершіліктен жұрдай дейді
Мағжан Исахов жекеменшік ЖОО-дары жауапкершіліктен жұрдай дейді

Мағжан Исахов, «Шымкент студенттерінің Альянсы» корпоративтік қорының атқарушы директоры: «Жекеменшік ЖОО-да студенттерге анау айтқан жағдай жасалмайды, студенттерге қолданыс аз. Сол себепті студенттердің көбісінің қоғамдық шараларға деген белсенділігі төмен. Сонымен қатар, жекеменшік жоғарғы оқу орындарында жауапкершілік деген бола бермейді.   Айта кететін жәйт, өткен жылғы сауалнама бойынша республикалық баспасөз конференциясын ұйымдастырған болатынбыз, сол кезде ең көп қылмыстық фактілер жекеменшік ЖОО-да кездескені анықталған. Содан кейін осы жекеменшік ЖОО-дарының директорлары бізді жолатуға қорқады.»

Бүгінде бір ғана Шымкент қаласында 106 мың студент бар екенін ескерсек, олардың әрқайсысы сессиясы қаншалықты «таза» тапсырып жатқаны әзірге белгісіз. Ал «Шымкент студенттер Альянсы» қорының қазіргі жүргізген сауалнамасында студенттер білім алуда жемқорлыққа жол беріліп жатқанын ашық жазыпты. Сондықтан, аталған мекеме мамандары мен қаржы полициясы алдағы күндері олқылықтың орнын жоюға кіріспек.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=8ptkFZ79m-M[/youtube]