Өзімізге көшет қашан жетеді?

тұқымбақОңтүстіктегі интенсивті бау-бақшаның даму болашағы қалай? Облыс әкімі Асқар Мырзахметов сала мамандарының басын қосып, жиын өткерді. Мәлім болғанындай, өзімізді отандық көшетпен қамтамасыз ету тек 2016 жылдан бастап қана мүмкін болмақ.

Республикадағы бау-бақшаның 30 пайызы Оңтүстікте өсіріліп жатыр. Ал, жүзім өсіруде көш бастап тұрмыз. Десе де, шетелден сатып алынып жатқан тұқымдардың көлемі басым. Осы жылдың өзінде облысқа жарты миллионнан аса көшет сатып алыппыз.

Қанатбек Оспанбеков, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы: «Көшеттердің өзімізде өндірілгені 35 пайыз, 65 пайыз сырттан сатып алынды. Ал аласа бойлы қарқынды бауларға қажетті көшеттің көлемін 2013 жылы өзімізден 3 ақ пайыз өндірілді. Ал 97 пайыз тұқымды сырттан сатып әкелдік».

тұқымбақОңтүстікте 7 тұқымбақ бар. 2013 жылы бұл орталықтар 700 мыңдай ғана көшет баптапты. Ауылшаруашылығы басқармасындағылардың мәліметінше, келесі жылы жоспар бойынша тағы да 2 мың гектардай жерде көшет өсірілмек. Көшет өндіруде көш соңында қалып баражатқандықтан облыс басшысы өңірдегі тұқмбақтардың санын тез арада көбейтуді тапсырды.

Асқар Мырзахметов, облыс әкімі: «Кедендік Одақта ОҚО ең төменгі орында екенін ескеретін болсақ, онда осылай жайбарақат жүз гектардан тұқым егіп отыруымыз керек пе, алде мың гектардан егуіміз керек пе? Әңгіме сонда».

Асқар Исабекұлы табысы мол салаға қызығушылардың санын көбейткенде ғана жетістікке жетеміз деді. Жауаптылар келесі жиынға дейін тұқымбақпен айналысуды жөн көрген шаруалардың басын қосуға уәде етті. Анығы сол, егер осылай жайбарасарлықпен жұмыс істесек, 2016 жылы ғана өзімізді жергілікті тұқым түрлерімен қамти аламыз.